The first HP laptop to run was Windows 7
Қызмет көрсетуге арналған есікті шешу жəне орнына
салу
ЕСКЕРТУ: Мəліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін
Жұмысыңызды сақтаңыз да, жад модулін немесе қатты дискіні қоспас немесе ауыстырмас
бұрын компьютерді өшіріңіз.
Егер компьютер сөндірулі немесе күту күйінде екендігіне сенімді болмасаңыз, қуат түймешігін
басып, компьютерді қосыңыз. Содан соң амалдық жүйе арқылы компьютерді өшіріңіз.
Қызмет көрсетуге арналған есікті алу
Жад модулі, қатты диск, техникалық деректер жапсырмасы мен басқа бөліктерге кіру үшін,
қызмет көрсетуге арналған есікті алыңыз.
Қызмет көрсетуге арналған есікті алу үшін
1. Батареяны шығарып алыңыз (
Батареяны салу жəне шығарып алу 31-бетте бөлімін
қараңыз).
2. Қызмет көрсетуге арналған есікті босату үшін, батарея ұясын өзіңізге қаратып, қызмет
көрсетуге арналған есік ысырмаларын (1) солға сырғытыңыз, бұранданы алыңыз (егер
қосымша бұранда қолданылса) (2), одан кейін босату ысырмасын (3) қайтадан
сырғытыңыз.
3. Қызмет көрсетуге арналған есікті компьютердің алдыңғы жағына қарай сырғытып (4), оны
шешіңіз (5).
Қызмет көрсетуге арналған есікті шешу жəне орнына салу 33










