The first HP laptop to run was Windows 7
Қатты дискіні ауыстыру немесе жаңарту
ЕСКЕРТУ: Мəліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін.
Қатты дискіні қатты диск ұясынан шығармастан бұрын, компьютерді өшіріңіз. Компьютер
қосулы тұрғанда, ұйқы немесе күту күйінде болғанда, қатты дискіні шығарып алмаңыз.
Егер компьютер сөндірулі немесе күту күйінде екендігіне сенімді болмасаңыз, қуат түймешігін
басып, компьютерді қосыңыз. Содан соң амалдық жүйе арқылы компьютерді өшіріңіз.
Intel Smart Response технологиясы (тек таңдаулы үлгілерде)
Intel Smart Response технологиясы (SRT) — компьютер жүйесінің жұмысын елеулі түрде
жақсартатын Intel Rapid Storage технологиясы (RST) кэштеу мүмкіндігі. SRT мүмкіндігі SSD
mSATA модулі бар компьютерлерді жүйе жады мен қатты диск жетегі арасындағы кэш жады
рəтінде пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл бір уақытта SSD арқылы жақсартылған жүйе
жұмысының тəжірибесін қамтамасыз ете отырып, ең үлкен сақтау сыйымдылығы үшін қатты
диск жетегін (немесе RAID көлемі) иемдену артықшылығын береді.
Қатты
дискіні қоссаңыз жəне RAID көлемін орнатуды көздесеңіз, SRT мүмкіндігін уақытша
ажыратып, RAID көлемін орнатуыңыз керек, одан кейін SRT мүмкіндігін қосыңыз.
SRT мүмкіндігін уақытша ажырату үшін:
1. Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) > Intel > Rapid Storage
Technology тармағын таңдаңыз.
2. Accelerate (Жылдамдату) қойындысында Disable acceleration (Жылдамдатуды ажырату)
түймешігін басыңыз.
ЕСКЕРІМ: Жылдамдату режимі аяқталғанша күтіңіз.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: RAID режимдерін ауыстыру кезінде SRT мүмкіндігін уақытша
ажыратуыңыз керек. Өзгертуды жасап, SRT мүмкіндігін қайта қосыңыз. Бұл мүмкіндікті уақытша
ажыратпау RAID көлемдерін жасау не өзгерту үшін кедергі келтіреді.
RAID туралы қосымша ақпарат алу үшін Анықтама жəне қолдау орталығында орналасқан RAID
User Guide (RAID пайдаланушы нұсқаулығын) қараңыз
Негізгі қатты дискіні шығарып алу
Негізгі қатты дискіні алу үшін:
1. Жұмысыңызды сақтап, компьютерді өшіріңіз.
2. Компьютерге жалғанған айнымалы ток пен сыртқы құрылғыларды ажыратыңыз.
3. Компьютерді тегіс жерге төңкеріп қойыңыз.
4. Батареяны шығарып алыңыз (
Батареяны салу жəне шығарып алу 31-бетте бөлімін
қараңыз).
5. Қызмет көрсетуге арналған есікті алыңыз (
Қызмет көрсетуге арналған есікті шешу жəне
орнына салу 33-бетте тарауын қараңыз).
6. Смарт-карта ұстағышының бұрандасын бұрап босатыңыз (1).
Қатты дискіні ауыстыру немесе жаңарту 35










