The first HP laptop to run was Windows 7
Қосымша қатты диск жетегін орнату
Қосымша қатты дискіні салу үшін
1. Компьютерге жалғанған барлық сыртқы құрылғыларды ажыратыңыз.
2. Қуат сымын айнымалы ток көзінен ажыратыңыз.
3. Қосымша қатты диск ұясын өзіңізге қаратып компьютерді жалпақ бетке төңкеріп қойыңыз.
4. Батареяны шығарып алыңыз (
Батареяны салу жəне шығарып алу 31-бетте қараңыз).
5. Қызмет көрсетуге арналған есікті алыңыз (
Қызмет көрсетуге арналған есікті шешу жəне
орнына салу 33-бетте тарауын қараңыз).
6. Қатты диск жетегін қосымша қатты диск ұясына еңкейтіп кіргізіңіз де, ұяның ішінде тегіс
ұстап орнатыңыз (1).
7. Қатты диск жетегін жалғағышқа жалғау үшін, пластмассалық тілді компьютердің ортасына
қарай тартыңыз (2).
8. Қатты дискінің бұрандаларын (3) бекітіңіз.
9. Қызмет көрсетуге арналған есікті орнына салыңыз (Қызмет көрсетуге арналған есікті шешу
жəне орнына салу 33-бетте бөлімін қараңыз).
10. Батареяны орнына салыңыз (
Батареяны салу жəне шығарып алу 31-бетте бөлімін
қараңыз).
11. Компьютерге жалғанған айнымалы ток пен сыртқы құрылғыларды жалғаңыз.
12. Компьютерді қосыңыз.
Қатты дискіні ауыстыру немесе жаңарту 39










