The first HP laptop to run was Windows 7

Жаңартуға арналған орындағы қатты дискіні
ауыстыру
Жаңартуға арналған орында қатты диск немесе оптикалық диск жетегі орналасуы мүмкін
Қатты дискіні ауыстыру
ЕСКЕРТУ: Мəліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін
Қатты дискіні жаңартуға арналған орыннан шығармастан бұрын, компьютерді өшіріңіз.
Компьютер қосулы тұрғанда, ұйқы немесе күту күйінде болғанда, қатты дискіні шығарып
алмаңыз.
Егер компьютер сөндірулі немесе күту күйінде екендігіне сенімді болмасаңыз, қуат түймешігін
басып, компьютерді қосыңыз. Содан соң амалдық жүйе арқылы компьютерді өшіріңіз.
Қатты дискіні жаңартуға арналған орыннан шығарып алу үшін
1. Жұмысыңызды сақтаңыз.
2. Компьютерді өшіріп, дисплейді жабыңыз.
3. Компьютерге жалғанған барлық сыртқы құрылғыларды ажыратыңыз.
4. Қуат сымын айнымалы ток көзінен ажыратыңыз.
5. Компьютерді төңкеріңіз де, жаңартуға арналған орынды сізге қаратып, жалпақ бетке
орналастырыңыз.
6. Батареяны шығарып алыңыз (
Батареяны салу жəне шығарып алу 31-бетте бөлімін
қараңыз).
7. Қызмет көрсетуге арналған есікті алыңыз (
Қызмет көрсетуге арналған есікті шешу жəне
орнына салу 33-бетте тарауын қараңыз).
8. Жаңартуға арналған орыннан қатты дискінің бұрандаларын шығарып алыңыз.
9. Жаңартуға арналған орынның бұрандаларын (1) бұрап босатыңыз.
40 Бап 5 Күтім