The first HP laptop to run was Windows 7
6. Компьютерді жоғары қаратып, айнымалы ток қуатын жəне сыртқы құрылғыларды оған
қайта қосыңыз.
7. Компьютерді қосыңыз.
Жад модулін қосу немесе ауыстыру
Компьютерде екі жад модулі ұясы (немесе төрт ядролы процессорда 4 жад модулі ұясы) бар.
Компьютердің жад сыйымдылығын бос кеңейту жад модулінің ұясына жад модулін қосу немесе
бастапқы жад модулінің ұясындағы бар жад модулін жетілдіру арқылы кеңейтуге болады.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток ұру немесе жабдықтың зақымдалу қатерін азайту үшін, қуат сымын
ажыратып, жад модулін орнатпас бұрын, барлық батареяларды шығарып алыңыз.
ЕСКЕРТУ: Электростатикалық ток соғу (ESD) электроникалық бөліктерді зақымдауы мүмкін.
Қандай да бір іс ретін бастамастан бұрын, жерге орнатылған нысанды түрту арқылы
бойыңызда тұрақты электр тогының жоқтығын тексеріңіз.
ЕСКЕРІМ: Қос ядролы процессоры бар компьютер 2 ұямен жабдықталады. Төрт ядролы
процессоры бар компьютер 4 ұямен жабдықталады.
ЕСКЕРІМ: Екінші жад модулін қосқанда, қос арна конфигурациясын пайдалану үшін, екі жад
модулінің бірдей екенін тексеріңіз.
Қызмет көрсетуге арналған қақпақтың астындағы жад модулін қосу
немесе ауыстыру
ЕСКЕРТУ: Мəліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін
Жад модульдері қоспас немесе ауыстырмас бұрын компьютерді өшіруді ұмытпаңыз.
Компьютер қосулы тұрғанда, ұйқы немесе күту күйінде болғанда, жад модулін шығарып
алмаңыз.
Егер компьютер сөндірулі немесе күту күйінде екендігіне сенімді болмасаңыз, қуат түймешігін
басып, компьютерді қосыңыз. Содан соң амалдық жүйе арқылы компьютерді өшіріңіз.
Қызмет көрсетуге арналған қақпақтың астындағы жад модулін қосу немесе ауыстыру үшін
1. Жұмысыңызды сақтап, компьютерді өшіріңіз.
2. Компьютерге жалғанған айнымалы ток пен сыртқы құрылғыларды ажыратыңыз.
3. Батарея ұясын өзіңізден басқа жаққа қаратып, компьютерді тегіс бет үстінде аударып
қойыңыз.
4. Батареяны шығарып алыңыз (
Батареяны салу жəне шығарып алу 31-бетте бөлімін
қараңыз).
5. Қызмет көрсетуге арналған есікті алыңыз (
Қызмет көрсетуге арналған есікті шешу жəне
орнына салу 33-бетте тарауын қараңыз).
6. Егер жад модулін ауыстырып жатсаңыз, бар жад модулін алып тастаңыз:
а. Жад модулінің екі бүйіріндегі ұстап тұратын қысқыштарды (1) тартып шешіңіз.
Жад модулінің бұрыштарын жоғары қаратыңыз.
44 Бап 5 Күтім










