The first HP laptop to run was Windows 7

8. Қызмет көрсетуге арналған есікті орнына салыңыз (Қызмет көрсетуге арналған есікті шешу
жəне орнына салу 33-бетте бөлімін қараңыз).
9. Батареяны компьютерге салыңыз (
Батареяны салу жəне шығарып алу 31-бетте бөлімін
қараңыз).
10. Компьютерге жалғанған айнымалы ток пен сыртқы құрылғыларды жалғаңыз.
11. Компьютерді қосыңыз.
Пернетақтаның астындағы жад модулін қосу немесе ауыстыру
ЕСКЕРТУ: Мəліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін
Жад модульдерін қоспас немесе ауыстырмас бұрын компьютерді өшіруді ұмытпаңыз.
Компьютер қосылып тұрғанда, ұйқы немесе күту режимінде болғанда, жад модулін
ажыратпаңыз.
Компьютердің өшірулі немесе күту күйінде екені белгісіз болса, қуат түймешігін басып
компьютерді қосыңыз. Содан соң амалдық жүйе арқылы компьютерді өшіріңіз.
Пернетақта астындағы жад модулін ауыстыру үшін:
1. Жұмысыңызды сақтап, компьютерді өшіріңіз.
2. Компьютерді айнымалы ток розеткасынан жəне жалғанған сыртқы құрылғылардың
барлығын ажыратыңыз.
3. Батарея ұясын өзіңізден басқа жаққа қаратып, компьютерді тегіс бет үстінде аударып
қойыңыз.
4. Батареяны шығарып алыңыз (
Батареяны салу жəне шығарып алу 31-бетте қараңыз).
5. Қызмет көрсетуге арналған есікті алыңыз (
Қызмет көрсетуге арналған есікті шешу жəне
орнына салу 33-бетте тарауын қараңыз).
46 Бап 5 Күтім