The first HP laptop to run was Windows 7
f11 қалпына келтіру құралдарын пайдалану
ЕСКЕРТУ: f11 қалпына келтіру құралдарын пайдалану қатты дискінің мазмұнын өшіреді жəне
қатты дискіні қайта пішімдейді. Компьютерде жасалған файлдардың жəне бағдарламалық
құралдардың барлығы мүлде жойылады. f11 қалпына келтіру құралы амалдық жүйені жəне
зауытта орнатылған НР бағдарламаларын қайта орнатады. Зауытта орнатылмаған
бағдарламаларды қайта орнату қажет.
Бастапқы қатты диск кескінін f11 пернесін басу арқылы қалпына келтіру үшін, мына əрекеттер
орындаңыз:
1. Мүмкін болса, барлық жеке файлдардың сақтық көшірмесін жасаңыз.
2. Мүмкіндігінше, HP Recovery бөлімінің бар екенін тексеріңіз: Пуск (Бастау) түймешігін
басып, Компьютер тармағын тінтуірдің оң жақ түймешігімен басыңыз да, Управление
(Басқару) пəрменін, одан кейін Управление дисками (Дисктерді басқару) тармағын
таңдаңыз.
ЕСКЕРІМ: Егер HP Recovery бөлімі тізімде болмаса, амалдық жүйе мен
бағдарламаларды Windows 7 амалдық жүйесі DVD дискісін жəне Driver Recovery дискісін
пайдалану арқылы (екеуі бөлек сатылады) қалпына келтіруіңіз тиіс. Қосымша ақпаратты
Windows 7 амалдық жүйесі DVD дискісін (бөлек сатылады) пайдалану 59-бетте бетінде
қараңыз.
3. Егер HP Recovery бөлімі тізімде болса, компьютерді қайта іске қосыңыз жəне экранның
төменгі жағында «Press the ESC key for Startup Menu» (Бастау мəзірін ашу үшін ESC
пернесін басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз.
4. Экранда «Press <F11> for recovery» (Қалпына келтіру үшін F11 пернесін басыңыз) хабары
шыққанда f11 пернесін басыңыз.
5. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
58 Бап 6 Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру










