The first HP laptop to run was Windows 7

Windows 7 амалдық жүйесі DVD дискісін (бөлек сатылады) пайдалану
Windows 7 амалдық жүйесінің DVD дискісіне тапсырыс беру үшін НР веб-торабына өтіңіз. АҚШ
қолдау қызметі үшін
http://www.hp.com/go/contactHP бетіне өтіңіз. Дүниежүзілік қолдау үшін
http://welcome.hp.com/country/us/en/wwcontact_us.html бетіне өтіңіз. DVD дискісіне қолдау
қызметіне қоңырау шалу арқылы тапсырыс беруге болады. Қосымша ақпарат алу үшін
компьютерде бар Worldwide Telephone Numbers (Дүниежүзілік телефон нөмірлері)
кітапшасынан қараңыз.
ЕСКЕРТУ: Егер Windows 7 амалдық жүйесі DVD дискісі пайдаланылған болса, қатты дискідегі
мазмұн толығымен жойылып, қатты диск қайта пішімделеді. Компьютерде жасалған
файлдардың жəне бағдарламалық құралдардың барлығы мүлде жойылады. Қатты дискіні
қайта пішімдеу аяқталғаннан кейін, амалдық жүйе, сондай-ақ драйверлер, бағдарламалық
құралдар мен утилиталар қалпына келтіріледі.
Windows 7 амалдық жүйесі DVD дискісі арқылы қалпына келтіруді бастау үшін, мына əрекеттер
орындаңыз:
ЕСКЕРІМ: Бұл үрдісті аяқтау үшін бірнеше минут қажет болуы мүмкін.
1. Мүмкін болса, барлық жеке файлдардың сақтық көшірмесін жасаңыз.
2. Компьютерді қайта іске қосыңыз жəне Windows 7 амалдық жүйесі DVD дискісін Windows
амалдық жүйесі басталғанша оптикалық диск жетегіне салыңыз.
3. Нұсқау берілгенде, кез келген пернетақта пернесін басыңыз.
4. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
5. Далее (Келесі) түймешігін басыңыз.
6. Восстановить компьютер (Компьютерді қалпына келтіру) құсбелгісін қойыңыз.
7. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Қалпына келтіру үрдісі аяқталғаннан кейін мына əрекеттер орындаңыз:
1. Windows 7 амалдық жүйесі DVD дискісін шығарып алып, Driver Recovery дискісін салыңыз.
2. Алдымен, аппараттық құралдарды іске қосатын драйверлерді, одан кейін ұсынылған
бағдарламаларды орнатыңыз.
Жүйені қалпына келтіруді жүзеге асыру 59