User Guide - Windows 8

Кейбір жүктеп алу бумаларының файлды орнату жəне ақаулықтарды жою туралы ақпарат
беретін Readme.txt деп аталатын файлдары бар.
BIOS жүйесінің нұсқасын анықтау
Қолжетімді BIOS жаңартулары ішінде компьютерде орнатылған BIOS нұсқасынан кейінгі
нұсқаларының барлығын анықтау үшін орнатылған BIOS жүйесінің нұсқасын білу керек.
BIOS нұсқасының ақпаратын (Дата ROM (ROM күні) жəне Система BIOS) (BIOS жүйесі) деп те
аталады) fn+esc пернелерін басу (Windows жүйесінде болған жағдайда) немесе Computer Setup
утилитасын ашу арқылы көрсетуге болады.
1. Computer Setup қызметін қосыңыз.
2. Көрсеткі құрылғысы немесе көрсеткі пернелері көмегімен File (Файл
) > System Information
(Жүйе ақпараты) тармақтарын таңдаңыз.
3. Computer Setup қызметінен өзгертулерді сақтамай шығу үшін, экранның төменгі сол жақ
бұрышындағы Exit (Шығу) белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
немесе
tab пернесінің жəне көрсеткі пернелердің көмегімен File (Файл) > Ignore Changes and Exit
(Өзгертулерді елемеу жəне шығу) пəрменін таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
BIOS жүйесі жаңартуын жүктеп алу
ЕСКЕРТУ: Компьютердің зақымдану немесе сəтсіз орнатылу қаупін азайту үшін, компьютер
айнымалы ток адаптері арқылы сенімді сыртқы қуат көзіне қосылған кезде ғана BIOS жүйесі
жаңартуын жүктеп алып, орнатыңыз. Компьютер батареялы қуатымен жұмыс жасағанда
немесе қосымша қорек көзіне қосулы болғанда BIOS жаңартуын жүктеп алмаңыз немесе
орнатпаңыз. Жүктеп алу жəне орнату кезінде осы нұсқауларды орындаңыз:
Компьютерді айнымалы ток
көзінен ажыратқан кезде қуат сымын тартпаңыз.
Компьютердің жұмысын аяқтамаңыз немесе компьютерде ұйқылық күйді қоспаңыз.
Ешбір құрылғы, кабель немесе сымды кірістірмеңіз, шығармаңыз, жалғамаңыз немесе
ажыратпаңыз.
1. Бастау экранына с əрпін жазып, Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау) опциясын
таңдаңыз.
2. Компьютеріңізді анықтау үшін жəне жүктелетін BIOS жаңарту файлын алу үшін, Справка и
поддержка (Анықтама жəне қолдау) іздеу жолағында обслуживание (қызмет көрсету) деп
теріп, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
3. Жүктеп алу аймағында келесі қадамдарды орындаңыз:
а. BIOS жаңартуы компьютерде орнатылған BIOS нұсқасынан кейінгі
нұсқа екендігін
анықтаңыз. Күні, аты немесе басқа таңба ескертуін жасаңыз. Осы мəлімет жаңарту
қатты дискіге жүктеп алынғаннан кейін орнын белгілеу үшін керек болуы мүмкін.
ə. Таңдауыңызды қатты дискіге жүктеп алу үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
BIOS жаңарту файлдары жүктеп алынатын қатты диск орнының жолын белгілеп
қойыңыз. Жаңарту бумасын орнатуға əзір болған кезде сол жолға
кіруге керек
болады.
106 Бап 12 Computer Setup (BIOS) жəне Advanced System Diagnostics