User Guide - Windows 8

Модемді пайдалану
Модем 6 істікшелі RJ-11 модем кабелі арқылы аналогтық телефон желісіне қосылуы керек.
Кейбір елдер мен аймақтарда арнайы модем кабелі де қажет болуы мүмкін. Сандық PBX
жүйелерінің ұялары аналогтық телефон ұяларына ұқсауы мүмкін, алайда, олар модеммен
үйлеспейді.
Модем кабелін қосу
Модем кабелін қосу үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз:
1. Модемнің кабелін компьютердегі модем ұясына (1) жалғаңыз.
2. Кабельдің екінші ұшын RJ-11 қабырғалық телефон ұясына (2) жалғаңыз.
ЕСКЕРІМ: Модем кабелінің теледидар мен радио кедергілерінен қорғайтын кедергілерді
басу схемасы (3) бар болса, кабельдің осы схема орналасқан ұшын компьютерге қарай
бағыттаңыз.
22 Бап 3 Желіге қосылу