User Guide - Windows 8
Пайдаланушы ауыстыратын батареяны қоқысқа тастау (тек таңдаулы үлгілерде)
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Өрт шығу немесе күйік алу қаупін азайту үшін батареяны бөлшектемеңіз,
бұзбаңыз немесе теспеңіз; сыртқы түйіспелерді қысқа тұйықтамаңыз; отқа немесе суға
тастамаңыз.
Батареяны дұрыс тастау туралы ақпаратты Заңдық, қауіпсіздік жəне қоршаған орта
ескертулері бөлімінен қараңыз. Нұсқаулыққа қол жеткізу үшін бастау экранында HP Support
Assistant (НР қолдау көмекшісі) бағдарламасын таңдап, Мой компьютер (Компьютерім)
пəрменін, одан кейін User guides (Пайдаланушы нұсқаулықтары) пəрмендерін таңдаңыз.
Батарея ақпаратына қатынасу үшін, бастау экранынан HP Support Assistant бағдарламасын
таңдап, Аккумулятор и производительность (Батарея жəне өнімділік)
пəрменін таңдаңыз.
Пайдаланушы ауыстыратын батареяны ауыстыру (тек таңдаулы үлгілерде)
Ішкі бөлім дұрыс зарядталмаған кезде немесе батарея сыйымдылығы «əлсіз» жағдайға
жеткенде, HP Support Assistant (НР қолдау көмекшісі) бағдарламасының Battery Check
(Батареяны тексеру) құралы батареяны ауыстыру қажеттігі туралы ескертеді. Батарея HP
компаниясының кепілдігімен қамтамасыз етілген жағдайда, нұсқаулардың ішінде кепілдік нөмірі
болады. Ауыстыру батареясына тапсырыс беру туралы қосымша ақпарат беретін HP
компаниясының веб-торабына сілтейтін хабарлама пайда болады.
Сыртқы айнымалы ток қуаты көзін пайдалану
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ұшақ бортында болғанда компьютер батареясын зарядтамаңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Мүмкін сақтық шараларына қатысты мəселелерді болдырмау үшін,
компьютермен қамтамасыз етілетін айнымалы ток адаптерін, HP қамтамасыз ететін
ауыстырғыш айнымалы ток адаптерін немесе HP компаниясынан сатып алынған айнымалы ток
адаптерін ғана пайдаланыңыз.
ЕСКЕРІМ: Айнымалы ток көзіне қосылу жөнінде қосымша ақпаратты қораптың ішіндегі
Орнату нұсқаулары постерінен қараңыз.
Сыртқы айнымалы ток қуаты мақұлданған айнымалы ток адаптері немесе қосымша жалғау, не
кеңейту құрылғысы арқылы қамтамасыз етіледі.
Төмендегі жағдайлардың кез келгенінде компьютерді сыртқы айнымалы ток қуатына қосыңыз:
●
Батареяны зарядтағанда немесе тексергенде.
●
Жүйелік бағдарламалық құралды орнатқанда немесе өзгерткенде.
●
Ақпаратты ықшам дискіге, DVD немесе BD (тек таңдаулы үлгілерде) дискілеріне жазғанда.
●
Дискіні дефрагментациялау құралын
іске қосқанда.
●
Сақтық көшірме жасағанда немесе қалпына келтіргенде.
Компьютерді сыртқы айнымалы токқа қосқанда, төмендегі жағдайлар туындайды:
● Батарея зарядтала бастайды.
●
Компьютер қосылып тұрса, хабарландыру аймағындағы тапсырма тақтасының оң жақ
шетінде орналасқан қуат көрсеткіші белгішесінің түрі өзгереді.
Қуат параметрлерін орнату 47










