User Guide - Windows 8
4. Батарея ұясын өзіңізге қаратып, қызмет көрсетуге арналған есікті босату ысырмасын солға
қарай сырғытыңыз (3) жəне таңдасаңыз, қызмет көрсетуге арналған есікті орнына бекіту
үшін, қосымша бұранданы салып, қатайтыңыз (4). Қызмет көрсетуге арналған есікті
құлыптау үшін, босату ысырмасын оңға қарай ысырыңыз (5).
ЕСКЕРІМ: Егер қосымша бұранданы пайдаланғыңыз келсе, ол қызмет көрсетуге
арналған есіктің астында сақталады.
5. Батареяны салыңыз (Батареяны салу жəне шығарып алу 45-бетте қараңыз).
Қатты дискіні ауыстыру немесе жаңарту
ЕСКЕРТУ: Мəліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін.
Қатты дискіні қатты диск ұясынан шығармастан бұрын, компьютерді өшіріңіз. Компьютер
қосулы тұрғанда, ұйқы немесе күту күйінде болғанда, қатты дискіні шығарып алмаңыз.
Егер компьютер сөндірулі немесе күту күйінде екендігіне сенімді болмасаңыз, қуат түймешігін
басып, компьютерді қосыңыз. Содан соң амалдық жүйе арқылы компьютерді өшіріңіз.
Негізгі қатты дискіні шығарып алу
Негізгі қатты дискіні алу үшін:
1. Жұмысыңызды сақтап, компьютерді өшіріңіз.
2. Компьютерге жалғанған айнымалы ток пен сыртқы құрылғыларды ажыратыңыз.
3. Компьютерді тегіс жерге теріс аударып қойыңыз.
4. Батареяны шығарып алыңыз (
Батареяны шығарып алу 45-бетте бөлімін қараңыз).
5. Қызмет көрсетуге арналған есікті алыңыз (
Қызмет көрсетуге арналған есікті алу 59-бетте
бөлімін қараңыз).
6. Қатты диск қақпағындағы бұранданы (1) бұрап босатыңыз.
Қатты дискілерді пайдалану 61










