User Guide - Windows 8

5. Қызмет көрсетуге арналған есікті алыңыз (Қызмет көрсетуге арналған есікті алу 59-бетте
бөлімін қараңыз).
6. Қатты дискінің бұрандаларын (1) босатыңыз.
7. Қатты диск жетегін жалғағыштан ажырату үшін, оның үстіндегі пластмассалық тілді
компьютердің оң жағына тартыңыз (2).
8. Пластмассалық тілмен қатты диск жетегін көтеріп (3), компьютерден шығарып алыңыз.
Негізгі қатты диск жетегін орнату
Негізгі қатты дискіні орнату үшін:
1. Компьютерге жалғанған сыртқы құрылғылардың барлығын ажыратыңыз.
2. Қуат сымын айнымалы ток көзінен ажыратыңыз.
3. Қосымша қатты диск ұясын өзіңізге қаратып компьютерді жалпақ бетке төңкеріп қойыңыз.
4. Батареяны шығарып алыңыз (
Батареяны шығарып алу 45-бетте бөлімін қараңыз).
5. Қызмет көрсетуге арналған есікті алыңыз (
Қызмет көрсетуге арналған есікті алу 59-бетте
бөлімін қараңыз).
6. Қатты диск жетегін негізгі қатты диск ұясына еңкейтіп кіргізіңіз де, ұяның ішінде тегіс ұстап
орнатыңыз (1).
7. Қатты диск жетегін жалғағышқа жалғау үшін, пластмассалық тілді компьютердің ортасына
қарай тартыңыз (2).
Қатты дискілерді пайдалану 63