User Guide - Windows 8
Қосымша қатты диск жетегін орнату
Қосымша қатты дискіні салу үшін
1. Компьютерге жалғанған сыртқы құрылғылардың барлығын ажыратыңыз.
2. Қуат сымын айнымалы ток көзінен ажыратыңыз.
3. Қосымша қатты диск ұясын өзіңізге қаратып компьютерді жалпақ бетке төңкеріп қойыңыз.
4. Батареяны шығарып алыңыз (
Батареяны шығарып алу 45-бетте бөлімін қараңыз).
5. Қызмет көрсетуге арналған есікті алыңыз (
Қызмет көрсетуге арналған есікті алу 59-бетте
бөлімін қараңыз).
6. Қатты диск жетегін қосымша қатты диск ұясына еңкейтіп кіргізіңіз де, ұяның ішінде тегіс
ұстап орнатыңыз (1).
7. Қатты диск жетегін жалғағышқа жалғау үшін, пластмассалық тілді компьютердің ортасына
қарай тартыңыз (2).
8. Қатты дискінің бұрандаларын (3) бекітіңіз.
9. Қызмет көрсетуге арналған есікті орнына салыңыз (Қызмет көрсетуге арналған есікті
орнына салу 60-бетте бөлімін қараңыз).
10. Батареяны қайта салыңыз (
Батареяны салу 45-бетте бөлімін қараңыз).
11. Компьютерге жалғанған айнымалы ток пен сыртқы құрылғыларды жалғаңыз.
12. Компьютерді қосыңыз.
Жаңартуға арналған орындағы жетекті ауыстыру
Жаңартуға арналған орында не қатты диск жетегі, не оптикалық диск жетегі тұруы мүмкін.
Қатты дискілерді пайдалану 65










