User Guide - Windows 8
Қатты дискіні орнына салу
ЕСКЕРТУ: Мəліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін
Қатты диск жетегін жаңартуға арналған орыннан шығармас бұрын компьютерді өшіріңіз.
Компьютер қосулы тұрғанда, ұйқы немесе күту күйінде болғанда, қатты дискіні шығарып
алмаңыз.
Егер компьютер сөндірулі немесе күту күйінде екендігіне сенімді болмасаңыз, қуат түймешігін
басып, компьютерді қосыңыз. Содан соң амалдық жүйе арқылы компьютерді өшіріңіз.
Қатты диск жетегін жақтаудан шығару үшін:
1. Жұмысыңызды сақтаңыз.
2. Компьютерді өшіріп, дисплейді жабыңыз.
3. Компьютерге жалғанған сыртқы құрылғылардың барлығын ажыратыңыз.
4. Қуат сымын айнымалы ток көзінен ажыратыңыз.
5. Жаңартуға арналған орынды өзіңізге қаратып, компьютерді жалпақ бетке төңкеріп
қойыңыз.
6. Батареяны шығарып алыңыз (
Батареяны шығарып алу 45-бетте бөлімін қараңыз).
7. Қызмет көрсетуге арналған есікті алыңыз (
Қызмет көрсетуге арналған есікті алу 59-бетте
бөлімін қараңыз).
8. Жаңартуға арналған орыннан қатты дискінің бұрандаларын шығарып алыңыз.
9. Жаңартуға арналған орынның бұрандасын (1) босатыңыз.
10. Қатты дискіні шығару үшін ілгекті жалпақ ұшты бұрағышпен жайлап басыңыз (2).
66 Бап 8 Дискілер










