User Guide - Windows 8

3. Қатты диск бұрандаларын орнына салыңыз.
4. Қызмет көрсетуге арналған есікті орнына салыңыз (Қызмет көрсетуге арналған есікті
орнына салу 60-бетте бөлімін қараңыз).
5. Батареяны салыңыз (
Батареяны салу 45-бетте қараңыз).
6. Компьютерді жоғары қаратып, айнымалы ток қуатын жəне сыртқы құрылғыларды оған
қайта қосыңыз.
7. Компьютерді қосыңыз.
Оптикалық диск жетегін алмастыру
ЕСКЕРТУ: Мəліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін
Оптикалық диск жетегін жақтаудан шығармас бұрын компьютерді өшіріңіз. Компьютер қосулы
тұрғанда, ұйқы немесе күту күйінде болғанда, оптикалық жинақтағыш дискіні шығармаңыз.
Егер компьютер сөндірулі немесе күту күйінде екендігіне сенімді болмасаңыз, қуат түймешігін
басып, компьютерді қосыңыз. Содан соң амалдық жүйе арқылы компьютерді өшіріңіз.
Оптикалық диск жетегін жақтаудан шығару үшін:
1. Жұмысыңызды сақтаңыз.
2. Компьютерді өшіріп, дисплейді жабыңыз.
3. Компьютерге жалғанған сыртқы құрылғылардың барлығын ажыратыңыз.
4. Қуат сымын айнымалы ток көзінен ажыратыңыз.
5. Жаңартуға арналған орынды өзіңізге қаратып, компьютерді жалпақ бетке төңкеріп
қойыңыз.
6. Батареяны шығарып алыңыз (
Батареяны шығарып алу 45-бетте бөлімін қараңыз).
7. Қызмет көрсетуге арналған есікті алыңыз (
Қызмет көрсетуге арналған есікті алу 59-бетте
бөлімін қараңыз).
8. Жаңартуға арналған орынның бұрандасын (1) босатыңыз.
68 Бап 8 Дискілер