Жұмысқа дайындық HP ноутбугі
© Copyright 2011 Hewlett-Packard Development Company, L.P. Bluetooth өз меншік иесінің сауда белгісі болып табылады жəне оны HewlettPackard компаниясы лицензия бойынша пайдаланады. Microsoft жəне Windows — Microsoft корпорациясының АҚШ-тағы тіркелген сауда белгілері. SD Logo — өз меншік иесінің сауда белгісі. Осы құжатта берілген ақпарат ескертусіз өзгертіледі. HP өнімдері мен қызметтеріне кепілдік тек осындай өнімдермен жəне қызметтермен бірге келетін тікелей кепілдік мəлімдемелерінде беріледі.
Қауіпсіздік туралы ескерту хабары АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Қызып кетумен байланысты зақымдарды немесе компьютердің қатты қызып кету жағдайын азайту үшін компьютерді тізеңізге қоймаңыз немесе компьютердің ауа желдеткішін бітемеңіз. Компьютерді тек қатты, тегіс беттің үстіне қойып пайдаланыңыз. Қасында тұрған қосымша принтер сияқты қатты беттің немесе жастық, кілем немесе мата сияқты жұмсақ беттің ауа ағынын бөгеуіне жол бермеңіз.
iv Қауіпсіздік туралы ескерту хабары
Maзмұны 1 Қош келдіңіз ................................................................................................................................................... 1 Жаңа мүмкіндіктер .............................................................................................................................. 2 HP CoolSense ..................................................................................................................... 2 Ақпаратты табу ...........................................
Меңзегіш құрылғылардың басым параметрлерін орнату ............................................. 23 Сенсорлы тақтаны қолдану ............................................................................................. 23 Сенсорлы тақтаны өшіру жəне қосу ............................................................... 23 Шарлау ............................................................................................................. 24 Таңдау ................................................................
8 Техникалық сипаттамасы .......................................................................................................................... 48 Тұтынылатын қуат ............................................................................................................................ 48 Сыртқы HP қуат көзінің тұрақты ток ұшы ....................................................................... 48 Жұмыс ортасы .........................................................................................
viii
1 Қош келдіңіз Төмендегі бөлімдер осы тарауда қамтылған: ● Жаңа мүмкіндіктер ● Ақпаратты табу Компьютер параметрлерін орнатып, оны тіркегеннен кейін, мына əрекеттерді орындау маңызды: ● Интернетке қосылу — Интернетке қосылу үшін, сымды жəне сымсыз желі параметрлерін реттеңіз. Қосымша ақпарат алу үшін, Желі орнату 15-бетте тарауын қараңыз. ● Вирусқа қарсы бағдарламалық құралды жаңарту — вирустардан болатын зақымнан компьютерді қорғаңыз.
Жаңа мүмкіндіктер HP CoolSense HP CoolSense технологиясы компьютер жұмысы мен температурасын жəне желдеткіш жылдамдығы мен шуын жақсартатын алдын ала анықталған режимдерді пайдалану арқылы компьютеріңіздің жылу параметрлерін толығымен басқару мүмкіндігін береді. ● Вкл. (Қосулы) — термографикалық параметрлерді реттеп температураның артуына жол бермейді, ал компьютер қолға салқындау болады. ● Выкл.
Құралдар Берілетін ақпарат HP ноутбугінің анықтамалық нұсқаулығы ● Қуатты басқару мүмкіндіктері Бұл нұсқаулықты пайдалану үшін ● Батареяның қызмет ету мерзімін ұзарту туралы Пуск (Бастау) > Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау) > Руководства пользователя (Пайдаланушы нұсқаулықтары) тармағын таңдаңыз.
Құралдар Берілетін ақпарат HP веб-торабы ● Қолдау қызметі туралы ақпарат Осы веб-сайтты көру үшін, http://www.hp.com/ support мекенжайы бойынша өтіңіз.
2 Компьютермен танысу Төмендегі бөлімдер осы тарауда қамтылған: ● Жоғарыдан қарағандағы көрінісі ● Алдыңғы жағы ● Оң жақ ● Сол жақ ● Дисплей ● Астыңғы жағы Жоғарыдан қарағандағы көрінісі Сенсорлы тақта Бөлік (1) (2) Сипаттама Сенсорлы тақта шамы Сенсорлы тақтаны қосу/өшіру түймешігі ● Сары: сенсорлы тақта өшірулі. ● Өшірулі: сенсорлы тақта қосулы. Сенсорлы тақтаны қосады жəне сөндіреді.
Бөлік 6 Сипаттама (3) Сенсорлы тақта аймағы Меңзерді жылжытады жəне экрандағы элементтерді таңдайды немесе іске қосады. (4) Сенсорлы тақтаның сол жақ түймесі Сыртқы тінтуірдің сол жақ түймешігі сияқты жұмыс істейді. (5) Сенсорлы тақтаның оң жақ түймесі Сыртқы тінтуірдің оң жақ түймешігі сияқты жұмыс істейді.
Шамдар Бөлік (1) (2) (3) (4) Сипаттама Сенсорлы тақта шамы Caps lock шамы Қуат шамы Сымсыз байланыс шамы ● Сары: сенсорлы тақта өшірулі. ● Өшірулі: сенсорлы тақта қосулы. ● Ақ: Caps lock қосулы. ● Өшірулі: Caps lock өшірулі. ● Ақ: компьютер қосулы. ● Ақ түсте жыпылықтау: компьютер ұйқы режимінде. ● Өшірулі: компьютер өшірулі немесе күту күйінде. ● Ақ: сымсыз жергілікті желі (WLAN) құрылғысы жəне/ немесе Bluetooth® құрылғысы сияқты ішкі сымсыз құрылғы қосулы.
Түймешіктер Бөлік Сипаттама Қуат түймешігі ● Компьютер өшірулі болғанда, компьютерді қосу үшін түймешікті басыңыз. ● Компьютер қосулы болғанда, ұйқы күйін қосу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ● Компьютер ұйқы күйінде болғанда, ұйқы күйінен шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ● Компьютер күту күйінде болған кезде, күту күйінен шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз.
Пернелер Бөлік Сипаттама (1) esc пернесі fn пернесімен бірге басылған кезде жүйе ақпараты көрсетіледі. (2) fn пернесі esc пернесімен бірге басылған кезде жүйе ақпараты көрсетіледі. (3) Windows логотипті перне Windows жүйесінің Пуск (Бастау) мəзірін көрсетеді. (4) Əрекет пернелері Жиі қолданылатын жүйелік функцияларды орындайды. (5) Windows қолданбалар пернесі Меңзердің астындағы элементтер үшін төте мəзірін көрсетеді.
Алдыңғы жағы Бөлік Сипаттама Үндеткіштер (2) Дыбыс шығарады. Оң жақ Бөлік Сипаттама (1) Оптикалық диск жетегі Оптикалық дискіні оқиды жəне жазады. (2) Оптикалық диск жетегінің шамы Жыпылықтап тұр: оптикалық жинақтағыш диск ашылуда. (3) Оптикалық жинақтағыш дискіні шығару түймешігі Оптикалық диск жетегін ашады. (4) USB порты Қосымша USB құрылғысын жалғайды. (5) Айнымалы ток адаптерінің шамы ● Ақ: компьютер сыртқы қуат көзіне қосылған жəне батарея толық зарядталған.
Сол жақ Бөлік Сипаттама (1) Сыртқы монитор порты Сыртқы VGA мониторы немесе проекторды қосады. (2) Желдеткіштер (2) Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қамтамасыз етеді. ЕСКЕРІМ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді салқындату үшін жəне қызып кетуден қорғау үшін автоматты түрде қосылады. Жұмыс барысында желдеткіштің қосылып-өшірілуі қалыпты жағдай болып табылады. (3) RJ-45 (желі) ұясы Желілік кабелді қосады.
Бөлік 12 Сипаттама (9) Қатты диск шамы Ақ түсте жыпылықтау: катты диск пайдаланылуда. (10) Қуат шамы ● Ақ: компьютер қосулы. ● Ақ түсте жыпылықтау: компьютер ұйқы режимінде. ● Өшірулі: компьютер өшірулі немесе күту күйінде.
Дисплей Бөлік Сипаттама (1) WLAN антенналары (2)* Сымсыз жергілікті желілермен (WLAN) байланыста болу үшін сымсыз байланыс сигналдарын жібереді жəне қабылдайды. (2) Веб-камера шамы Қосулы: веб-камера қолданыста. (3) Веб-камера Бейнені жазады жəне суреттерді түсіреді. Веб-камераны пайдалану үшін, Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) > CyberLink YouCam тармағын таңдаңыз. (4) Ішкі микрофон Дыбысты жазады. *Бұл антенналар компьютердің сыртынан көрінбейді.
Астыңғы жағы Бөлік Сипаттама (1) Батарея ұясы Батареяны ұстайды. (2) Батареяны шығару ысырмасы Батареяны батарея ұясынан шығарады. (3) Желдеткіш тесіктер (4) Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қамтамасыз етеді. ЕСКЕРІМ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді салқындату үшін жəне қызып кетуден қорғау үшін автоматты түрде қосылады. Жұмыс барысында желдеткіштің қосылып-өшірілуі қалыпты жағдай болып табылады.
3 Желі орнату ● Интернет провайдерін (ISP) пайдалану ● Сымсыз желіге қосылу ЕСКЕРІМ: Интернетке қосылуға арналған жабдық пен бағдарламалық құрал компьютер үлгісіне жəне құрылғы орналасқан жерге байланысты əртүрлі болады. Компьютер Интернетке қосылудың келесі түрлерінің біреуін немесе екеуін де қолдауы мүмкін: ● Сымсыз – Интернетке мобильді жолмен қосылу үшін, сымсыз байланысты қолдануға болады. Бар WLAN желісіне қосылу 17-бетте немесе Жаңа WLAN желісін орнату 17-бетте бөлімін қараңыз.
Интернет провайдерін (ISP) пайдалану Интернетке қосылмас бұрын Интернет провайдерінің есептік жазбасын орнату қажет. Интернет қызметі мен модем сатып алу үшін, жергілікті Интернет провайдерімен хабарласыңыз. Интернет провайдері модем параметрлерін реттеуге, сымсыз компьютерді модемге қосу үшін желі кабелін орнатуға жəне Интернет қызметін тексеруге көмектеседі. ЕСКЕРІМ: Интернет қызметтері провайдері Интернетке кіру үшін пайдаланушы идентификаторы мен құпия сөз береді.
Сымсыз желіге қосылу Сымсыз технология деректерді сым арқылы емес, радио толқындары арқылы тасымалдайды.
Сымсыз жол жоспарлағыш параметрлерін реттеу Сымсыз жергілікті желіні (WLAN) орнату туралы көмек алу үшін, жол жоспарлағыш өндірушісі немесе Интернет провайдері (ISP) берген ақпаратты қараңыз. Windows амалдық жүйесінде жаңа сымсыз желіні орнатуға көмектесетін құралдар бар.
4 Пернетақта мен меңзегіш құрылғылар Төмендегі бөлімдер осы тарауда қамтылған: ● Пернетақтаны пайдалану ● Меңзегіш құрылғыларды пайдалану 19
Пернетақтаны пайдалану Əрекет пернелерін пайдалану Əрекет пернелері пернетақтаның үстіңгі жағындағы пернелерге тағайындалған арнайы əрекеттерді орындауға пайдаланылады. f1 мен f12 пернелеріндегі белгішелер əрекет перне функцияларын білдіреді. Əрекет пернесін пайдалану үшін, тағайындалған функцияны белсендіруге пернені басып ұстап тұрыңыз. ЕСКЕРІМ: Əрекет пернесі функциясы зауытта қосылған. Бұл мүмкіндікті Setup Utility құралында ажыратуға болады.
Белгіш е Əрекет Сипаттама Ойнату/Тоқтата тұру Ықшам дискіні, DVD немесе BD дискісін ойнатады, уақытша тоқтатады немесе жалғастырады. Келесі Аудио ықшам дискідегі келесі жолды, ал DVD немесе BD дискілерінде келесі бөлімді ойнатады. Дыбысты төмендету Үндеткіш дыбысын төмендетеді. Дыбысты жоғарылату Үндеткіш дыбысын жоғарылату Дыбыс өшіру Үндеткіш дыбысын өшіреді немесе қайта қосады. Сымсыз Сымсыз байланыс мүмкіндігін қосады немесе ажыратады. ЕСКЕРІМ: Бұл перне сымсыз қосылысты орнатпайды.
Сандық пернетақталарды пайдалану Бұл компьютерде кірістірілген сандық пернетақта бар. Сондай-ақ, компьютер қосымша сыртқы сандық пернетақтаны немесе сандық пернетақтасы бар қосымша сыртқы пернетақтаны қолдайды. Кірістірілген сандық пернетақтаны пайдалану (1) Бөлік Сипаттама num lk пернесі Ішкі сандық пернетақтада жылжу жəне санды функциялар арасында ауысады. ЕСКЕРІМ: Компьютер өшірілгенде белсенді боп тұрған пернетақта функциясы компьютер қайта қосылғанда қосылып тұрады.
Меңзегіш құрылғыларды пайдалану ЕСКЕРІМ: Компьютермен бірге жеткізілетін меңзегіш құрылғылармен қоса, сыртқы USB тінтуірін оны компьютердегі USB порттарының біреуіне жалғау арқылы пайдалануға болады. Меңзегіш құрылғылардың басым параметрлерін орнату Меңзегіш құрылғыларының түймешік конфигурациясы, басу жылдамдығы жəне меңзер опциялары сияқты параметрлерін реттеу үшін, Windows® жүйесіндегі тінтуір сипаттарын қолданыңыз.
Шарлау Меңзерді басқа жерге жылжыту үшін, саусағыңызды сенсорлы тақта беті арқылы қалаған бағытқа жылжытыңыз. Таңдау Сенсорлы тақтаның сол жəне оң жақ түймешіктері сыртқы тінтуірдің сəйкес түймешіктері сияқты пайдаланылады.
Сенсорлы тақта іс-қимылдарын пайдалану Сенсорлы тақта бірқатар қимылдарды қолдайды. Сенсорлы тақта қимылдарын пайдалану үшін, сенсорлы тақтаға екі саусақты бір уақытта орналастырыңыз. ЕСКЕРІМ: бермейді. Сенсорлы тақта қимылдарына бағдарламалардың барлығында қолдау көрсетіле Қимылдың көрсетілімін көру үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз: 1. Тапсырмалар тақтасының оң жағындағы хабарландыру аймағында орналасқан Отображать скрытые значки (Жасырын белгішелерді көрсету) белгішесін басыңыз. 2.
Жылжу Жылжу іс-қимылы бетте немесе суретте жоғары, төмен қарай немесе көлденең жылжу кезінде қажет əрекет. Жылжыту үшін екі саусақты сенсорлы тақтаның үстіне бөлек қойып, оларды сенсорлы тақта арқылы жоғары, төмен, сол немесе оң жаққа қарай апарыңыз. ЕСКЕРІМ: Жылжу жылдамдығы саусақ жылдамдығы арқылы басқарылады. ЕСКЕРІМ: Екі саусақпен жылжыту мүмкіндігі зауытта қосылады. Шымшу/масштабтау Шымшу суреттерді немесе мəтінді үлкейтуге не кішірейтуге мүмкіндік береді.
Айналдыру Айналдыру мүмкіндігі фотосурет жəне беттер сияқты элементтерді айналдыруға мүмкіндік береді. Айналдыру үшін, сол бас бармақты сенсорлы тақта аймағында тіреңіз. Оң бас бармақты тірелген саусақты айналдырып, сағат тілімен 90 градус жүргізіңіз. Кері айналдыру үшін, оң бас бармақты сағат тіліне қарсы 90 градус жүргізіңіз. ЕСКЕРІМ: Бұру мүмкіндігі зауытта ажыратылады. ЕСКЕРІМ: Бұру əрекеті сенсорлы тақта аумағында жасалуы тиіс.
5 Күтім Төмендегі бөлімдер осы тарауда қамтылған: ● Батареяны салу жəне шығарып алу ● Қатты дискіні ауыстыру немесе жаңарту ● Жад модулін қосу немесе ауыстыру ● Бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту ● Компьютерді тазалау Батареяны салу жəне шығарып алу ЕСКЕРІМ: Батарея пайдалану туралы қосымша ақпаратты HP ноутбугінің анықтамалық нұсқаулығынан қараңыз.
▲ Батареяны (1) батареяның орнына (2) орнына түскенше салып, оны төменге қарай қисайтыңыз. Батареяны босату ысырмасы батареяны оның орнына автоматты түрде орналастырады. Батареяны шығарып алу үшін: ЕСКЕРТУ: Компьютердің жалғыз қуат көзі болып табылатын батареяны шығарып алу ақпараттың жоғалуын тудыруы мүмкін. Ақпараттың жоғалмауын қамтамасыз ету үшін, батареяны шығарып алмастан бұрын, күту күйін қосыңыз немесе компьютерді Windows жүйесі арқылы өшіріп тастаңыз. 1.
2. 30 Батареяны жоғары қарай (2) бұрып, оны (3) компьютерден шығарып алыңыз.
Қатты дискіні ауыстыру немесе жаңарту ЕСКЕРТУ: Мəліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін. Қатты дискіні қатты диск ұясынан шығармастан бұрын, компьютерді өшіріңіз. Компьютер қосулы тұрғанда, ұйқы немесе күту күйінде болғанда, қатты дискіні шығарып алмаңыз. Егер компьютер сөндірулі немесе күту күйінде екендігіне сенімді болмасаңыз, қуат түймешігін басып, компьютерді қосыңыз. Содан соң амалдық жүйе арқылы компьютерді өшіріңіз. Қатты дискіні шығарып алу 1.
7. 32 Қатты дискіні қатты диск ұясынан жоғары қарай көтеріңіз (2).
Қатты дискіні орнату 1. Қатты дискіні (1) диск салатын жерге енгізіңіз. 2. Қатты диск кабелін (2) жүйе тақтасындағы қатты диск қосқышына жалғаңыз. 3. Қатты диск қақпағындағы (1) ілгектерді компьютердегі кетіктерге туралаңыз. 4. Қақпақты (2) жабыңыз. 5. Қатты диск қақпағындағы бұрандаларды (3) бұрап қатайтыңыз. 6. Батареяны орнына салыңыз.
7. Сыртқы электр қуатын жəне сыртқы құрылғыларды қайта қосыңыз. 8. Компьютерді қосыңыз. Жад модулін қосу немесе ауыстыру Компьютерде екі жад модулінің ұясы бар. Бос болған ұяға жад модулін қосу немесе бастапқы ұядағы жад модулін жаңарту арқылы компьютердің жад көлемін арттыруға болады. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток ұру немесе жабдықтың зақымдалу қатерін азайту үшін, қуат сымын ажыратып, жад модулін орнатпас бұрын, барлық батареяларды шығарып алыңыз.
6. Егер жад модулін ауыстырып жатсаңыз, бар жад модулін алып тастаңыз: а. Жад модулінің екі жағындағы ұстап тұратын қыстырғыштарды (1) тартып алыңыз. Жад модулінің бұрыштарын жоғары қаратыңыз. ə. Жад модулінің шеттерінен ұстап (2), ұясынан ақырын сыртқа шығарыңыз. ЕСКЕРТУ: Жад модулінің зақымдануын болдырмау үшін, оны жиектерінен ғана ұстаңыз. Жад модуліндегі бөліктерге тимеңіз. Шығарғаннан кейін жад модулін қорғау үшін, оны электростатикалық ток өтпейтін контейнерге салыңыз. 7.
б. Жад модулінің сол жəне оң жақ жиектеріне қысым бере отырып, жад модулін (3) төмен қарай жайлап, ұстап тұратын қыстырғыштар орнына түскенше, басыңыз. ЕСКЕРТУ: Жад модулінің зақым алуын болдырмау үшін, оны бүкпеңіз. 8. Жад модулі бөлімінің қақпағындағы (1) ілгектерді компьютердегі кетіктерге туралаңыз. 9. Қақпақты (2) жабыңыз. 10. Жад модулі бөлімінің қақпағындағы 2 бұранданы (3) бұрап бекітіңіз. 11. Батареяны орнына салыңыз. 12. Сыртқы электр қуатын жəне сыртқы құрылғыларды қайта қосыңыз. 13.
Бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту НР компаниясы бағдарламалар мен драйверлерді жүйелі түрде соңғы нұсқалармен жаңартуды ұсынады. Ең соңғы нұсқаларды жүктеп алу үшін http://www.hp.com/support торабына өтіңіз. Жаңартулардың бар екені туралы ескертулерді автоматты түрде алу үшін тіркелу қажет. Компьютерді тазалау Дисплейді тазалау ЕСКЕРТУ: Компьютерге зиян келтіруді болдырмау үшін дисплейге суды, тазалауға арналған сұйықтықтарды немесе химиялық заттарды қолданбаңыз.
6 Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру ● Қалпына келтіру ● Қалпына келтіру дискілерін жасау ● Жүйені қалпына келтіруді жүзеге асыру ● Мəліметтердің сақтық көшірмесін жасау жəне қалпына келтіру Компьютердің ақпаратты қорғауға жəне қажет болғанда қалпына келтіруге көмектесетін амалдық жүйе жəне HP компаниясы ұсынған құралдар бар.
Қалпына келтіру Қатты диск ақаулығы орын алған жағдайда, жүйені бастапқы зауыттық күйіндегі қалпына келтіру үшін, HP Recovery Manager бағдарламалық құралын пайдаланып жасауға болатын қалпына келтіру дискілерінің жинағы немесе қалпына келтіру флэш-жады керек болады. НР компаниясы бағдарламалық құралды орнатқаннан кейін, қалпына келтіру дискілерінің жинағын немесе қалпына келтіру флэш-жадын жасау үшін осы бағдарламалық құралды бірден пайдалануды ұсынады.
ЕСКЕРІМ: Қалпына келтіру дискілерін жасау кезінде, əрбір дискіні оптикалық жинақтағыш дискісіне салмай тұрып нөмірлеңіз. ● Қажет болса, қалпына келтіру дискілерінің немесе қалпына келтіру флэш-дискісінің жасалуы барысында бағдарламадан шығуға болады. HP Recovery Manager бағдарламалық құралын келесі ашқанда, сақтық көшірме жасау процесін жалғастыру ұсынылатын болады. Қалпына келтіру дискілерінің жинағын немесе қалпына келтіру флэш-дискісін жасау үшін мына қадамдарды орындаңыз: 1.
Арнайы қалпына келтіру бөлімі арқылы қалпына келтіру (тек таңдаулы үлгілерде) Арнайы қалпына келтіру бөлімін пайдалану кезінде суреттердің, музыканың жəне басқа да аудио файлдардың, бейнелердің, фильмдердің, жазылған теледидар шоуларының, құжаттардың, электрондық кестелердің, көрмелердің, электрондық пошта хабарларының, Интернеттегі таңдаулы элементтердің жəне параметрлердің сақтық көшірмесін жасауға болады. Компьютерді бөлімнен қалпына келтіру үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз: 1.
Қалпына келтіру дискілерінен қалпына келтіру 1. Мүмкін болса, барлық жеке файлдардың сақтық көшірмесін жасаңыз. 2. Бірінші қалпына келтіру дискісін компьютердегі оптикалық диск жетегіне немесе қосымша сыртқы оптикалық диск жетегіне енгізіңіз, одан кейін компьютерде қайта бастаңыз. – немесе – Қалпына келтіру флэш-жадын компьютердің USB портына салып, компьютерді қайта іске қосыңыз.
Компьютердің жүктелу тəртібін өзгерту Қалпына келтіру дискілерінің жүктелу тəртібін өзгерту үшін төмендегі əрекеттерді орындаңыз: 1. Компьютерді қайта іске қосыңыз. 2. Компьютер қайта іске қосылып жатқанда esc пернесін басып, жүктелу параметрлерін ашу үшін f9 пернесін басыңыз. 3. Жүктелу параметрлері терезесінен Internal CD/DVD ROM Drive (Ішкі CD/DVD диск жетегі) тармағын таңдаңыз. Қалпына келтіру флэш-дискісін бастау ретін өзгерту үшін, мына əрекеттер орындаңыз: 1. Флэш-жадты USB портына жалғаңыз.
Нұсқаулар: ● Жүйені бастапқы қалпына келтіру нүктелерін Windows® жүйесін қалпына келтіру мүмкіндігін пайдалану арқылы жасаңыз жəне оларды оптикалық дискіге немесе сыртқы қатты дискіге жүйелі түрде көшіріңіз. Жүйені бастапқы қалпына келтіру нүктелерін пайдалану туралы қосымша ақпаратты Windows жүйесін бастапқы қалпына келтіру нүктелерін пайдалану 45-бетте бөлімінен қараңыз. ● Жеке файлдарды құжаттар кітапханасында сақтаңыз да, бұл қалтаның сақтық көшірмесін жүйелі түрде жасаңыз.
Windows жүйесін бастапқы қалпына келтіру нүктелерін пайдалану Жүйені бастапқы қалпына келтіру нүктесі қатты дискінің суретін белгілі бір сəтте сақтауға жəне атын беруге мүмкіндік береді. Егер енгізілген өзгертулердің күшін болдырмауды қаласаңыз, осы нүктеге дейін қалпына келтіре аласыз. ЕСКЕРІМ: Бұрынғы қалпына келтіру нүктелеріне қайтару бастапқы қалпына келтіру нүктесі соңғы рет жасалғаннан бері сақталған деректер файлдарына немесе жасалған электрондық пошта хабарламаларына əсер етпейді.
7 Тұтынушыларды қолдау Төмендегі бөлімдер осы тарауда қамтылған: ● Тұтынушыларға қолдау көрсету қызметімен байланысу ● Жапсырмалар Тұтынушыларға қолдау көрсету қызметімен байланысу Осы пайдаланушы нұсқаулығындағы HP ноутбугының анықтамалық нұсқаулығы немесе Анықтама жəне қолдау бөлімдеріндегі ақпарат сұрақтарыңызға жауап бермесе, HP тұтынушыларды қолдау орталығына келесі телефондар арқылы хабарласуға болады: http://www.hp.
Жапсырмалар Компьютерге жапсырылған жапсырмалар жүйе ақаулықтарын жойғанда немесе компьютермен шетелге саяхатқа шыққанда қажет болуы мүмкін: ● Сериялық нөмір жапсырмасы — мыналарды қоса маңызды ақпаратты қамтиды: Бөлік (1) Өнім атауы (2) Сериялық нөмірі (с/н) (3) Бөлік нөмірі/өнім нөмірі (p/n) (4) Кепілдік күшінің мерзімі (5) Модель сипаттамасы Техникалық қолдау орталығына хабарласқан кезде осы ақпарат қол жетімді болуы қажет. Сериялық нөмірі бар жапсырма батарея ұясында орналасады.
8 Техникалық сипаттамасы ● Тұтынылатын қуат ● Жұмыс ортасы Тұтынылатын қуат Егер сіз компьютерді алып, халықаралық саяхат жасауды жоспарласаңыз, осы бөлімде берілген қуат туралы ақпарат пайдалы болуы мүмкін. Компьютер айнымалы немесе тұрақты ток көзінен келетін тұрақты ток арқылы жұмыс істейді. Айнымалы ток көзі 100–240 В, 50–60 Гц шамасында болуы керек.
Жұмыс ортасы Фактор Метрикалық өлшемдер жүйесі АҚШ-та пайдаланылатын өлшемдер жүйесі Пайдалануға болатын (оптикалық дискіге жазу кезінде) 5 - 35°C 41 - 95°F Пайдалануға болмайтын -20°C пен 60°C арасында -4°F пен 140°F арасында Температура Салыстырмалы ылғалдылық (конденсанцияланбайтын) Пайдалануға болатын 10 - 90% 10 - 90% Пайдалануға болмайтын 5 - 95% 5 - 95% Пайдалануға болатын -15 м мен 3048 м арасында -50 фут пен 10000 фут арасында Жұмыссыз режимде -15 м мен 12192 м арасында -50 фут
Индекс А Айнымалы ток адаптерінің шамы 10 амалдық жүйе Microsoft түпнұсқалық туралы куəлігінің жапсырмасы 47 Өнім кілті 47 Анықтама жəне қолдау пернесі 20 Ə əрекет пернелері дыбысты реттеу 21 пайдалану 20 сымсыз 21 үндеткіш дыбысын өшіру 21 экран кескінін ауыстырып қосу 20 əрекет пернелері, анықтау 21 əрекеттер пернелері Анықтама жəне қолдау орталығы 20 анықтау 9 аудио ықшам диск, DVD немесе BD дискілерін басқару құралдары 20 экран жарықтығын азайту 20 экран жарықтығын жоғарылату 20 Б бастапқы қалпына келт
меңзегіш құрылғы, параметрлерді орнату 23 Н нормативтік ақпарат нормативтік ақпараты бар жапсырма 47 сымсыз куəландыру белгілері 47 О оптикалық диск жетегі, анықтау 10 Ө өнім аты жəне нөмірі, компьютер 47 өнім кілті 47 П пернелер esc 9 fn 9 Windows қолданбалары 9 Windows логотипі 9 əрекет 9 пернетақта, кірістірілген санды 9 пернетақталар, анықтау 22 порттар HDMI 11 USB 10, 11 сыртқы монитор 11 С сақтық көшірме жасау жеке файлдар 44 өзгертілмелі терезе, құралдар тақтасы жəне мəзір жолы параметрлері 44 Сандық
N num lk пернесі, анықтау 22 R RJ-45 (желі) ұясы, анықтау 11 U USB порттары, анықтау 10, 11 W Windows қолданбалар пернесі, анықтау 9 Windows логотипі бар перне, анықтау 9 WLAN қорғау 18 қосылу 17 WLAN антенналары, анықтау 13 WLAN жапсырмасы 47 WLAN жүйесін орнату 17 WLAN құрылғысы 47 WLAN модулі ұясы 14 52 Индекс