User Guide - Windows 10

SIM картасын енгізу (таңдаулы өнімдер үшін ғана)
ЕСКЕРТУ: Қосқыштарға зақым келтіруді болдырмау үшін SIM картасын орналастыру кезінде қатты
күш салмаңыз.
SIM картасын салу үшін, төмендегі әрекеттерді орындаңыз:
1. Компьютерді Завершение работы (Жұмысты аяқтау) пәрмені арқылы өшіріңіз.
2. Дисплейді жабыңыз.
3. Компьютерге жалғанған сыртқы құрылғылардың барлығын ажыратыңыз.
4. Қуат сымын айнымалы ток көзінен ажыратыңыз.
5. Компьютерді төңкеріп, батарея ұясы өзіңізге қараған күйде тегіс бетке қойыңыз.
6. Батареяны алыңыз.
Батареяны шығарып алу (45-бет) бөлімін қараңыз.
7. Картаны SIM ұясына енгізіп, карта нық отырғанша оны ішіне итеріңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютердің SIM картасы осы бөлімдегі суреттегіден сәл өзгешелеу болуы мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: SIM картасының компьютерге салынатын бағытын анықтау үшін, батарея
орнындағы суретті қараңыз.
SIM картасын шығарып алу үшін картаны басып, ұясынан шығарып алыңыз.
SIM картасын енгізу (таңдаулы өнімдер үшін ғана)23