User Guide - Windows 10

немесе
Нөмірді табу үшін келесі қадамдарды орындаңыз:
1. Тапсырмалар тақтасындағы желі күйінің белгішесін басыңыз.
2. Показать параметры подключения (Қосылыс параметрлерін көрсету) таңдаңыз.
3. Мобильное широкополосное подключение (Мобильді кең жолақты қосылыс) бөліміндегі желі
күйінің белгішесін басыңыз.
Кейбір мобильді желі операторлары SIM картасын пайдалануды талап етеді. SIM картасында жеке
идентификациялық нөмір (PIN), сондай-ақ желі туралы ақпарат сияқты
жалпы ақпарат қамтылады.
Кейбір компьютерлерге SIM картасы алдын ала орнатылады. Егер SIM картасы алдын ала
орнатылмаған болса, ол компьютермен бірге берілетін HP мобильді кең жолақты байланыс
ақпаратының ішінде берілуі мүмкін немесе мобильді желі операторы оны компьютерден бөлек беруі
мүмкін.
НР мобильді кең жолақты модулі туралы және таңдаулы мобильді желілер операторы арқылы
қызметті іске қосу әдісі
туралы мәліметтер алу үшін, компьютерге енгізілген НР мобильді кең жолақты
модулі туралы ақпаратты қараңыз.
HP Mobile Connect қызметін пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде)
HP Mobile Connect қызметікомпьютерге арзан, қауіпсіз, қарапайым және оңтайлы кең жолақты
байланыс ұсынатын қызмет. HP Mobile Connect қызметін пайдалану үшін компьютеріңізде SIM картасы
және HP Mobile Connect қызметі бағдарламасы болуы тиіс. HP Mobile Connect қызметі туралы
толығырақ ақпаратты және сатып алу мүмкіндікерін көру үшін
http://www.hp.com/go/mobileconnect
веб-торабына өтіңіз.
GPS пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде)
Компьютерде GPS (Ғаламдық орынды анықтау жүйесі) құрылғысы орнатылуы мүмкін. GPS спутниктері
орналасу, жылдамдық және бағдарлар туралы ақпаратты GPS стандартымен жабдықталған
жүйелерге жібереді.
Қосымша ақпарат алу үшін, «HP GPS and Location» бағдарламалық құралының анықтамасын қараңыз.
Bluetooth сымсыз құрылғыларын пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде)
Bluetooth құрылғысы әдетте мына электрондық құрылғыларды байланыстыратын физикалық кабель
қосылымдарын ауыстыратын қысқа ауқымды сымсыз байланыстарды қамтамасыз етеді.
Компьютерлер (жұмыс үстелі, ноутбук)
Телефондар (ұялы, сымсыз, смартфон)
Сурет түсіретін құрылғылар (принтер, камера)
Дыбыстық құрылғылар (гарнитура, үндеткіштер)
Тінтуір
Bluetooth құрылғысы Bluetooth құрылғыларының дербес желісін орнатуға мүмкіндік беретін тең
дәрежелі мүмкіндікті қамтамасыз етеді. Bluetooth құрылғыларының параметрлерін реттеу
және
оларды пайдалану туралы ақпаратты Bluetooth бағдарламалық құралының анықтамасынан қараңыз.
26 3-тарау Желі қосылымдары