User Guide - Windows 10
Ортақ пайдалануды бастау
Құрылғыңыз бен компьютеріңіздің арасында ортақ пайдалануды бастау үшін NFC құрылғысын
компьютермен жалғаңыз.
1. Ортақтасқыңыз келген элементті ашыңыз.
2. Екі NFC антеннасын біріктіріп ұстаңыз. Антенналар бір-бірін таныған кезде, дыбыс естілуі мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: NFC антеннасы компьютердегі сенсорлы тақта астында орналасқан. Басқа
құрылғыдағы NFC антеннасының орнын табу үшін, құрылғы нұсқауларын қараңыз.
3. Құрылғыңыздан тасымалдауды бастауды сұрайтын хабарды және тасымалданатын нәрсені
қабылдауды сұрайтын хабарды көруге болады. Тасымалданатын нәрсені қабылдау үшін
экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Бейнені пайдалану
Бұл компьютер таңдаулы веб-тораптардағы ойнатылатын бейнені көруге және желіге қосылмаған
компьютерден тамашалау үшін бейнелер мен фильмдерді жүктеп алуға мүмкіндік беретін қуатты
бейне құрылғысы болып табылады.
Көруге байланысты әрекеттеріңізді жақсарту мақсатында компьютерді сыртқы монитор, проектор
немесе теледидарға қосу үшін, бейне порттардың бірін пайдаланыңыз.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Сыртқы құрылғының дұрыс кабель арқылы компьютердегі дұрыс
ұяға қауіпсіз
түрде жалғанғандығына көз жеткізіңіз. Құрылғы өндірушісінің нұсқауларын орындаңыз.
Бейне мүмкіндіктеріңізді пайдалану туралы ақпаратты алу үшін HP Support Assistant қолданбасын
қараңыз.
34 5-тарау Ойын-сауық мүмкіндіктері