User Guide - Windows 10
Батареяны шығарып алу
Батареяны алу үшін
ЕСКЕРТУ: Компьютердің жалғыз қуат көзі болып табылатын батареяны шығарып алу ақпараттың
жоғалуын тудыруы мүмкін. Ақпараттың жоғалуына жол бермеу үшін, батареяны шығарып алмас
бұрын, күту режимін қосыңыз немесе компьютерді Windows жүйесі арқылы өшіріп тастаңыз.
1. Компьютерді төңкеріп, батарея ұясы өзіңізге қараған күйде тегіс бетке қойыңыз.
2. Қызмет көрсету үшін ашатын есікті алыңыз.
а. Қызмет көрсетуге арналған есікті босату үшін, қызмет көрсетуге арналған есікті босату
ілгегін өзіңізге қаратып, қызмет көрсетуге арналған есік ысырмаларын (1) оңға сырғытыңыз,
бұранданы алыңыз (егер қосымша бұранда қолданылса) (2), одан кейін босату ысырмасын
(3)
қайтадан оңға сырғытыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер қосымша бұранданы пайдалану қажет болмаса, оны қызмет көрсетуге
арналған есіктің астында сақтай аласыз.
ә. Қызмет көрсету үшін ашатын есікті компьютердің алдыңғы жағына (4) қарай сырғытып, (5)
көтеріңіз де қызмет көрсету үшін ашатын есікті алыңыз.
3. Батареяны босату үшін батареяны босату ысырмаларын (1) жылжытып, батареяны (2) көтеріп
алыңыз.
Қуат параметрлерін орнату 45