User Guide - Windows 10
ЕСКЕРТПЕ: Сақталған батареяны әрбір 6 ай сайын тексеру қажет. Егер сыйымдылығы 50 пайыздан
төмен болса, қайта сақтаудан бұрын батареяны қайта зарядтаңыз.
Батарея бір немесе бірнеше ай сақталған болса, оны пайдаланбастан бұрын, тексеріңіз.
Батареяны тастау
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Өрт шығу немесе күйік алу қаупін азайту үшін батареяны бөлшектемеңіз, бұзбаңыз
немесе теспеңіз; сыртқы түйіспелерді қысқа тұйықтамаңыз; отқа немесе суға тастамаңыз.
Батареяны дұрыс тастау туралы ақпаратты Заңдық, қауіпсіздік және қоршаған орта ескертулері
бөлімінен қараңыз.
Бұл құжатты ашу үшін:
▲
Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында поддержка (қолдау) сөзін жазып, HP Support
Assistant бағдарламасын таңдаңыз.
– немесе –
Тапсырмалар тақтасындағы сұрау белгісінің белгішесін басыңыз.
Батареяны ауыстыру
Ішкі бөлім дұрыс зарядталмаған кезде немесе батарея сыйымдылығы «әлсіз» жағдайға жеткенде, HP
Battery Check бағдарламасы батареяны ауыстыру қажеттігін ескертеді. Батарея HP компаниясының
кепілдігімен қамтамасыз етілген жағдайда, нұсқаулардың ішінде кепілдік нөмірі болады. Ауыстыру
батареясына тапсырыс беру туралы қосымша ақпарат беретін HP компаниясының веб-торабына
сілтейтін хабарлама пайда болады.
Қуат параметрлерін орнату 47