User Guide - Windows 8.1
1. Компьютерді қосыңыз немесе өшіріп, қайта іске қосыңыз және экранның төменгі жағында
«Press the ESC key for Startup Menu» (Бастау мәзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз)
хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз.
2. Computer Setup утилитасына кіру үшін f10 пернесін басыңыз.
3. Меңзегіш құрылғының немесе көрсеткі пернелердің көмегімен Security (Қауіпсіздік) > Hard
Drive Tools (Қатты диск құралдары)> Automatic DriveLock тармақтарын таңдаңыз, содан
кейін enter пернесін басыңыз.
4. BIOS әкімші құпия сөзі опциясын ашып, enter пернесін басыңыз.
5. Меңзегіш құрылғының немесе көрсеткі пернелердің көмегімен ішкі қатты дискіні таңдаңыз,
содан кейін enter пернесін басыңыз.
6. Ескертуді оқыңыз. Жалғастыру үшін YES (Иә) пәрменін таңдаңыз.
7. Өзгерістерді сақтап Computer Setup құралынан шығу үшін, Save (Сақтау) пернесін басып,
экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
– немесе –
Көрсеткі пернелердің көмегімен Main (Негізгі) > Save Changes and Exit (Өзгертулерді
сақтап шығу) пәрменін таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
Автоматты DriveLock қорғау мүмкіндігін жою
Computer Setup утилитасында DriveLock қорғау мүмкіндігін жою үшін мына қадамдарды
орындаңыз:
1. Компьютерді қосыңыз немесе өшіріп, қайта іске қосыңыз және экранның төменгі жағында
«Press the ESC key for Startup Menu» (Бастау мәзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз)
хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз.
2. Computer Setup утилитасына кіру үшін f10 пернесін басыңыз.
3. Меңзегіш құрылғының немесе көрсеткі пернелердің көмегімен Security (Қауіпсіздік) > Hard
Drive Tools (Қатты диск құралдары)> Automatic DriveLock тармақтарын таңдаңыз, содан
кейін enter пернесін басыңыз.
4. BIOS әкімші құпия сөзі опциясын ашып, enter пернесін басыңыз.
5. Меңзегіш құрылғының немесе көрсеткі пернелердің көмегімен ішкі қатты дискіні таңдаңыз,
содан кейін enter пернесін басыңыз.
6. Меңзегіш құрал немесе көрсеткі пернелердің көмегімен Disable protection (Қорғауды жою)
пәрменін таңдаңыз.
7. Өзгертулерді сақтап, Computer Setup утилитасынан шығу үшін, экранның төменгі сол жақ
бұрышында орналасқан
Save (Сақтау) белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
– немесе –
Көрсеткі пернелердің көмегімен Main (Негізгі) > Save Changes and Exit (Өзгертулерді
сақтап шығу) пәрменін таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
KKWW Құпия сөздерді пайдалану
91