User Guide - Windows 8.1
Вирусқа қарсы бағдарламалық құралды пайдалану
Компьютерді электрондық поштаға, желіге немесе Интернетке кіру үшін қолданғанда, ол
компьютер вирустары қаупіне ұшырауы мүмкін. Компьютер вирустары амалдық жүйені,
бағдарламаларды немесе утилиталарды өшіріп, олардың қалыпсыз жұмыс істеуіне әкелуі
мүмкін.
Вирусқа қарсы бағдарламалық құрал вирустардың көбін тауып жоя алады, сондай-ақ, көбінесе
олардың келтірген зиян салдарын шешеді. Жаңа пайда болған вирустардан уақытымен
қорғауды қамтамасыз ету үшін вирусқа қарсы бағдарлама жаңартылып отыруы керек.
Компьютеріңізде Windows Defender алдын ала орнатылған. Компьютерді жан-жақты қорғау үшін
вирусқа қарсы бағдарламаны қолдануды жалғастыруға кеңес беріледі.
Компьютер вирустары туралы қосымша ақпаратты HP Support Assistant бағдарламасынан
қараңыз. Бастау экранынан HP Support Assistant бағдарламасына қол жеткізу үшін, HP Support
Assistant белгішесін таңдаңыз.
92
9-тарау Қауіпсіздік KKWW