User Guide - Windows 8.1
Желіаралық қалқан бағдарламалық құралын пайдалану
Желіаралық қалқан жүйені немесе желіні рұқсатсыз пайдаланудан қорғау үшін жасалған.
Желіаралық қалқан компьютерге және/немесе желіге орнатылатын бағдарламалық құрал
немесе аппараттық және бағдарламалық құралдың екеуін де қорғайтын шешім болуы мүмкін.
Екі түрлі желіаралық қалқанның ішінен таңдауға болады:
●
Хостқа негізделген желіаралық қалқан — тек орнатылған компьютерді қорғайтын
бағдарламалық құрал.
●
Желіге негізделген желіаралық қалқандар — DSL немесе кабельдік модемнің және үй
желісінің арасына орнатылып, желідегі барлық компьютерлерді қорғайды.
Желіаралық қалқан орнатылғаннан соң жүйеге және жүйеден жіберілген барлық деректер
тексеріліп пайдаланушы анықтаған қауіпсіздік белгілері бойынша салыстырылады. Осы
белгілерге сәйкес келмейтін кез келген деректер құрсауланады.
Компьютеріңізде немесе желілік жабдығыңызда желіаралық қалқан орнатылып қойылған болуы
мүмкін. Егер олай болмаса, желіаралық қалқан бағдарламалық құралын орнатуға болады.
ЕСКЕРТПЕ: Кейбір жағдайларға байланысты қалқан Интернет ойындарына кіруді құрсаулауы,
желідегі принтерге немесе файлды ортақ пайдалануға кедергі келтіруі немесе рұқсаты бар
электрондық пошта тіркемелерін құрсаулауы мүмкін. Мәселені уақытша шешу үшін, желіаралық
қалқанды уақытша өшіріп, орындалатын тапсырманы орындаңыз да, желіаралық қалқанды қайта
қосыңыз. Ақаулықты толық шешу үшін, қалқанның параметрлерін қайта реттеңіз.
KKWW Желіаралық қалқан бағдарламалық құралын пайдалану
93