User Guide - Windows 8.1
Саусақ ізін оқу құрылғысын пайдалану (тек қана
таңдаулы үлгілерде)
Ішкі саусақ ізін оқу құрылғылары тек таңдаулы үлгілерде қолжетімді болады. Саусақ ізін оқу
құрылғысын қолдану үшін, саусағыңыздың таңбасын HP Client қауіпсіздік деректері
менеджеріне тіркеуіңіз қажет
. HP Client қауіпсіздік бағдарламасының анықтамалық қызметіне
жүгініңіз.
Саусақ ізін Credential Manager құралында тіркегеннен кейін, қолдау көрсетілетін веб-
тораптарда және бағдарламаларда пайдаланушы аттары мен құпия сөздерін сақтау және жазу
үшін, HP Client Security бағдарламасының Password Manager құралын пайдалана аласыз.
Саусақ ізін оқу құрылғысының орналасуы
Саусақ ізін оқу құрылғысы компьютердің төмендегі жерлерінде орналасқан кішкендей темір
сенсор:
●
Сенсорлы тақтаның төменгі жағының қасында
●
Пернетақтаның оң жағында
●
Дисплейдің үстіңгі оң жағында
●
Дисплейдің сол жағында
Компьютердің үлгісіне байланысты саусақ ізін оқу құрылғысы көлденеңінен немесе ұзынынан
орналасуы мүмкін. Оның екі түрі де саусағыңызды металды сенсордың үстіне тігінен
тигізуіңізді талап етеді
. Компьютеріңіздегі саусақ ізін оқу құрылғысының орналасқан жері
туралы ақпаратты Түймелер, үндеткіштер және саусақ ізін оқу құрылғысы (тек таңдаулы
үлгілерде) (15-бет) бөлімінен қараңыз.
KKWW Саусақ ізін оқу құрылғысын пайдалану (тек қана таңдаулы үлгілерде)
97