User Guide - Windows 8.1

12
Computer Setup (BIOS), MultiBoot және
HP PC Hardware Diagnostics (UEFI)
Computer Setup пайдалану
Computer Setup немесе BIOS (Basic Input/Output System) жүйедегі бүкіл кіріс және шығыс
құрылғыларының (мысалы, диск жетектері, монитор, пернетақта, тінтуір және принтер)
арасындағы байланысты басқарады. Computer Setup ішінде орнатылған құрылғылардың
параметрлері, компьютердің жүктелу реті және жүйе мен кеңейтілген жадтың көлемі
қамтылған
.
ЕСКЕРТПЕ: Computer Setup құралына өзгертулер енгізу кезінде сақ болыңыз. Қателер
компьютердің жұмысына кедергі келтіруі мүмкін.
Computer Setup (Компьютерді орнату) утилитасын бастау
ЕСКЕРТПЕ: Қосымша драйверлі USB қолдауы іске қосылған болса, USB портына жалғанған
сыртқы пернетақтаны немесе тінтуірді Computer Setup утилитасында пайдалануға болады.
Computer Setup бастау үшін, мына әрекеттер орындаңыз:
1. Компьютерді қосыңыз немесе өшіріп, қайта іске қосыңыз және экранның төменгі жағында
«Press the ESC key for Startup Menu» (Бастау мәзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз)
хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз.
2. Computer Setup утилитасына кіру үшін f10 пернесін басыңыз.
Computer Setup утилитасында жылжу және таңдау
Computer Setup утилитасында жылжу және таңдау үшін мына әрекеттер орындаңыз:
1. Компьютерді қосыңыз немесе өшіріп, қайта іске қосыңыз және экранның төменгі жағында
«Press the ESC key for Startup Menu» (Бастау мәзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз)
хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Computer Setup утилитасында жылжу және таңдауды жасау үшін, (сенсорлы
тақта, меңзегіш таяқша не USB тінтуірі сияқты) меңзегіш құрылғыны немесе пернетақтаны
пайдаланыңыз.
2. Computer Setup утилитасына кіру үшін f10 пернесін басыңыз.
KKWW Computer Setup пайдалану
111