User Guide - Windows 8.1
MultiBoot желісін пайдалану
Жүктеу құрылғыларының реті туралы
Компьютер басталғанда, амалдық жүйе іске қосылған жүктеу құрылғыларынан жүктеуге
кіріседі. Зауытта қосылған MultiBoot утилитасы амалдық жүйенің жүктеу құрылғысын таңдау
ретін басқарады. Жүктеу құрылғыларының тізіміне оптикалық диск жетектері, дискет
жетектері
, желілік интерфейс картасы (NIC), қатты дискілер және USB құрылғылары кіреді.
Жүктеу құрылғыларында компьютерді бастау және дұрыс жұмыс атқаруға қажет жүктелетін
медиа немесе файлдар бар.
ЕСКЕРТПЕ: Кейбір жүктеу құрылғылары жүктеу ретіне қосылмас бұрын, оларды Computer
Setup утилитасында іске қосу қажет.
Computer Setup утилитасында жүктеу ретін өзгерту арқылы компьютердің жүктеу құрылғысын
іздеу ретіне де өзгерістерді енгізуге болады. Экранның төменгі жағында «Press the ESC key for
Startup Menu» (
Қосылу мәзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда,
esc пернесін басыңыз, одан кейін f9 пернесін басыңыз. f9 пернесі басылғанда, ағымдағы жүктеу
құрылғыларды көрсететін мәзір ашылады және жүктеу құрылғысын таңдауға мүмкіндік
беріледі. Немесе MultiBoot Express құралын компьютер қосылған не қайта басталған сайын
компьютерде жүктеу құрылғысының орналасуы сұралатындай етіп орнатуға болады.
MultiBoot таңдаулы параметрлерін таңдау
MultiBoot құралын келесі жағдайларда пайдалануға болады:
●
Компьютер іске қосылған сайын жаңа жүктеу ретін Computer Setup утилитасында жүктеу
ретін өзгерту арқылы орнату үшін.
●
Экранның төменгі жағында «Press the ESC key for Startup Menu» (Бастау мәзірін ашу үшін
ESC пернесін басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басу арқылы жүктеу
ретін динамикалық түрде таңдап, Boot Device Options (Құрылғыларды жүктеу
мүмкіндіктері) мәзірін ашуға f9 пернесін басу үшін.
●
Айнымалы жүктеу реттерін орнатуға MultiBoot Express құралын пайдалану үшін.
Компьютер іске қосылған немесе қайта басталған сайын жүктеу құрылғысы сұралады.
Computer Setup утилитасында жаңа жүктеу ретін орнату
Computer Setup утилитасын бастап, компьютер іске қосылған немесе қайта басталған сайын
пайдаланылатын жүктеу ретін орнату үшін, мына әрекеттерді орындаңыз:
1. Компьютерді қосыңыз немесе өшіріп, қайта іске қосыңыз және экранның төменгі жағында
«Press the ESC key for Startup Menu» (Бастау мәзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз)
хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз.
2. Computer Setup утилитасына кіру үшін f10 пернесін басыңыз.
3. Меңзегіш құрал немесе көрсеткі пернелердің көмегімен келесі мүмкіндіктердің біреуін
таңдаңыз:
KKWW MultiBoot желісін пайдалану
115