User Guide - Windows 8.1
1
Қош келдіңіз
Компьютерді орнатқан және тіркеген соң, зерделі қаржыландырудың ең көбін алу үшін келесі
қадамдарды орындауды ұсынамыз:
КЕҢЕС: Ашық тұрған бағдарламадан немесе Windows жұмыс үстелінен компьютердің бастау
экранына жылдам оралу үшін, пернетақтадағы Windows пернесін басыңыз. Windows
пернесі қайта басылған кезде, алдыңғы экран ашылады.
●
Интернетке қосылу — Интернетке қосылу үшін, сымды және сымсыз желіні реттеңіз.
Қосымша ақпаратты Желіге қосылу (23-бет) бөлімінен қараңыз.
●
Вирусқа қарсы бағдарламалық құралды жаңарту — вирустардан болатын зақымнан
компьютерді қорғаңыз. Бағдарламалық құрал компьютерде алдын ала орнатылып келеді.
Қосымша ақпаратты Вирусқа қарсы бағдарламалық құралды пайдалану (92-бет)
бөлімінен қараңыз.
●
Компьютермен танысу — компьютер мүмкіндіктері туралы қосымша мәлімет алыңыз.
Қосымша ақпарат алу үшін, Компьютермен танысу (5-бет) және Пернетақта, сенсорлы
тақтаның қимылдары және меңзегіш құрылғылар арқылы шарлау (33-бет) бөлімдерін
қараңыз.
●
Орнатылған бағдарламалық құралды табу — компьютерде алдын ала орнатылған
бағдарламалық құралдар тізімін қараңыз:
Бастау экранында п деп жазып, Приложения (Бағдарламалар) тармағын басыңыз және
көрсетілген тізімінен опцияны таңдаңыз
. Компьютермен жеткізілетін бағдарламалық
құралды пайдалану туралы толық ақпаратты бағдарламалық құралдың өндірушісі берген
нұсқаулардан қараңыз. Нұсқаулар бағдарламалық құралмен бірге берілуі немесе
өндірушінің веб-торабында болуы мүмкін.
●
Қалпына келтіру дискілерін немесе қалпына келтіру флэш жетегін жасау арқылы қатты
дискінің сақтық көшірмесін жасаңыз. Сақтық көшірме жасау және қалпына келтіру
(107-бет) бөлімін қараңыз.
KKWW
1