User Guide - Windows 8.1
Компьютер қосулы, бірақ жауап бермейді
Егер компьютер қосылса, бірақ ол бағдарламаның немесе пернетақтаның пәрмендеріне жауап
бермесе, компьютер жұмысын аяқтамас бұрын төтенше түрде жұмыс аяқтауға арналған
төмендегі әрекеттерді орындаңыз:
ЕСКЕРТУ: Апаттық өшіру іс реті орындалғанда, сақталмаған ақпарат жойылып кетеді.
●
Қуат түймешігін кемінде 5 секунд басып тұрыңыз.
●
Компьютерді сыртқы қуат көзінен ажыратып, батареяны алып тастаңыз.
Компьютер әдеттен тыс қызып кетеді
Пайдалану барысында компьютерге қол тигізгенде оның жылы болуы қалыпты болып
табылады. Егер әдеттегіден тыс ыстық болса, желдеткіш саңылауы жабылып қалған болуы
мүмкін.
Егер компьютер қатты қызып кетті деп ойласаңыз, оны бөлме температурасына дейін суытып
алыңыз. Компьютерді пайдалану барысында барлық желдеткіштердің ашық тұрғандығын
тексеріңіз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Қызып кетумен байланысты зақымдарды немесе компьютердің қатты қызып
кету жағдайын азайту үшін компьютерді тізеңізге қоймаңыз немесе компьютердің ауа
желдеткішін бітемеңіз. Компьютерді тек қатты, тегіс беттің үстіне қойып пайдаланыңыз.
Қасында тұрған қосымша принтер сияқты қатты беттің немесе жастық, кілем немесе мата
сияқты жұмсақ беттің ауа ағынын бөгеуіне жол бермеңіз. Сонымен қатар, жұмыс кезінде
айнымалы ток адаптерінің теріге немесе жастық, кілем немесе мата сияқты жұмсақ бетке
тимеуін қадағалаңыз
. Компьютер және айнымалы ток адаптері Ақпараттық технология жабдығы
қауіпсіздігінің халықаралық стандарты (IEC 60950) арқылы белгіленетін пайдаланушыға рұқсат
етілген бет температурасына сай келеді.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютердегі желдеткіш компьютердің ішкі бөліктерін салқындату және қызып
кетудің алдын алу үшін, автоматты түрде қосылады. Жұмыс барысында желдеткіштің қосылып-
өшірілуі қалыпты жағдай болып табылады.
Сыртқы құрылғы жұмыс істемейді
Егер сыртқы құрылғы ойдағыдай жұмыс істемесе, төмендегі әрекеттерді орындаңыз.
●
Құрылғыны өндірушінің нұсқауларына сәйкес қосыңыз.
●
Құрылғының барлық сымдары қауіпсіз жалғанып тұрғанын тексеріңіз.
●
Құрылғыға электр қуатының келіп тұрғанын тексеріңіз.
●
Құрылғының, әсіресе, ескі нұсқа болса, амалдық жүйемен үйлесімдігін тексеріңіз.
●
Дұрыс және жаңартылған драйверлердің орнатылғанын тексеріңіз.
Сымсыз желі байланысы жұмыс істемейді
Егер сымсыз желі байланысы ойдағыдай жұмыс істемесе, төмендегі қадамдарды орындаңыз:
●
Сымсыз немесе сымды желі құрылын қосу немесе ажырату үшін, Windows жұмыс үстелінің
тапсырма тақтасының оң жақ шетінде орналасқан хабарландыру аймағындағы
Сетевое
KKWW Мәселелерді шешу
131