User Guide - Windows 8.1
а. Windows жүйесінде, компьютердің жұмыс үстелінің бос аймағында оң жақ
түймешікпен басып, Разрешение экрана (Экран ажыратымдылығы) параметрін
таңдаңыз.
ә. Негізгі дисплей мен қосалқы дисплейді көрсетіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Дисплейдің екеуін қолданғанда, DVD дискісіндегі фильм қосалқы дисплей
ретінде тағайындалған дисплейден көрінбейді.
Дискіні көшіру үрдісі басталған жоқ немесе аяқталмас бұрын
тоқтатылды
●
Басқа бағдарламалардың барлығының жабылғандығына көз жеткізіңіз.
●
Ұйқылық күйді өшіріңіз.
●
Диск жетегінде дискінің дұрыс түрінің қолданылып тұрғанына көз жеткізіңіз.
●
Дискінің дұрыс салынғандығына көз жеткізіңіз.
●
Баяу жазу жылдамдығын таңдап, әрекетті қайталаңыз.
●
Дискіні көшіріп жатқан кезде, мазмұнды жаңа дискіге көшірмес бұрын бастапқы дискідегі
ақпаратты қатты дискіге сақтап, одан кейін қатты дискіден көшіріңіз.
KKWW Мәселелерді шешу
133