User Guide - Windows 8.1

Сол жағы
ЕСКЕРТПЕ: Компьютерге ұқсас суретті қараңыз.
Бөлік Сипаттама
(1)
Қауіпсіздік кабелінің ұясы Қосымша қауіпсіздік кабелін компьютерге жалғайды.
ЕСКЕРТПЕ: Қауіпсіздік кабелі сақтандырғыш құрал
ретінде әрекет ету үшін жасалған, бірақ ол компьютерге
күтімсіз қараудан немесе оны ұрланудан қорғай алмауы
мүмкін.
(2)
Желдеткіштер Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қамтамасыз
етеді.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді
салқындату үшін және қызып кетуден қорғау үшін
автоматты түрде қосылады. Жұмыс барысында
желдеткіштің біресе қосылып, біресе өшіп отыруы –
қалыпты жағдай.
(3)
Сыртқы монитор порты Сыртқы VGA мониторы немесе проекторды қосады.
(4)
USB 3.0 зарядтау (қуат берілетін) порты Пернетақта, тінтуір, сыртқы диск, принтер, сканер
немесе USB хабі сияқты қосымша USB құрылғысы
жалғанады. Барлық USB құрылғылары стандартты USB
порттары арқылы зарядталмайды немесе зарядтау үшін
төмен ток қолданылады. Кейбір USB құралғыларын
зарядтау үшін оларды ток беретін портқа жалғау қажет.
ЕСКЕРТПЕ: USB зарядтау порты арқылы компьютер
өшірулі болса да, ұялы телефондардың және MP3
ойнатқыштардың кейбір үлгілерін зарядтауға болады.
USB порттарының түрлері туралы толық ақпаратты USB
құрылғысын пайдалану (69-бет) бөлімінен қараңыз.
(5)
USB 3.0 порты Пернетақта, тінтуір, сыртқы диск, принтер, сканер
немесе USB хабі сияқты қосымша USB құрылғысы
жалғанады.
USB порттарының түрлері туралы толық ақпаратты USB
құрылғысын пайдалану (69-бет) бөлімінен қараңыз.
(6)
Смарт карта оқу құралы Қосымша смарт-карталарға қолдау көрсетеді.
KKWW Сол жағы
9