User Guide - Windows 8.1

Бөлік Сипаттама
(1)
Қуат түймешігі
Компьютер өшірулі болғанда, компьютерді қосу үшін
түймешікті басыңыз.
Компьютер қосулы болғанда, ұйқы күйін қосу үшін
түймешікті тез басып қалыңыз.
Компьютер ұйқы күйінде болғанда, ұйқы күйінен
шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз.
Компьютер күту күйінде болған кезде, күту күйінен
шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз.
ЕСКЕРТУ: Қуат түймешігін басып тұрғанда сақталмаған
ақпараттар жойылады.
Компьютер жауап беруді тоқтатса және Windows®
жүйесінің өшіру процедуралары көмектеспесе,
компьютерді өшіру үшін қуат түймешігін кем дегенде 5
секунд басып тұрыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Таңдаулы үлгілерде, зауыттан Intel® Rapid
Start Technology (Жылдам қосу технологиясы) мүмкіндігі
қосылады. RST мүмкіндігі әрекетсіз тұрған компьютерді
бірден іске қосуға мүмкіндік береді. Қосымша ақпаратты
Қуатты үнемдеу күйлерін пайдалану (57-бет) бөлімінен
қараңыз.
Қуат параметрлері туралы ақпаратты қуат опцияларынан
қараңыз. Бастау экранында питание (қуат) сөзін теріп,
Параметры питания и спящего режима (Қуат және
ұйқылық режим параметрлері) тармағын таңдаңыз да,
бағдарламалар тізімінен Питание и спящий режим
(Қуат және ұйқылық режим) тармағын таңдаңыз.
(2)
Үндеткіштер Дыбыс шығарады.
(3)
Сымсыз байланыс түймешігі Сымсыз байланыс мүмкіндігін қосып-өшіреді, бірақ
сымсыз байланыс орнатпайды.
(4)
Дыбыс деңгейін өшіру түймешігі Үндеткіш дыбысын өшіреді және қайта қосады.
(5)
Саусақ ізін оқу құрылғысы (тек таңдаулы
үлгілерде)
Құпия сөзді енгізбестен, саусақ ізін пайдаланып Windows
амалдық жүйесіне кіруге мүмкіндік береді.
16
2-тарау Компьютермен танысу KKWW