User Guide - Windows 8.1

HP мобильді кең жолақты байланысы, көптеген жағдайларда ұялы байланыс операторы болып
табылатын, (ұялы байланыс операторы деп аталатын) желі қызметінің провайдерін қажет
етеді. НР мобильді кең жолақты желісінің қамту аясы ұялы телефон дауысының қамту аясымен
бірдей.
Мобильді желілер оператор қызметімен бірге қолдану кезінде НР Мобильді кең жолақты модулі
саяхат жасау барысында немесе Wi-Fi таратқыштарының қамту аясының сыртында болу кезінде
Интернетке қосылу, электрондық пошта арқылы хабарлама жіберу немесе корпоративтік
желіге қосылу мүмкіндігін береді.
НР келесі технологияларға қолдау көрсетеді:
GSM (Global System for Mobile Communications) телекоммуникация стандартына
байланысты желілердің қолданысын қамтамасыз ететін
HSPA (High Speed Packet Access)
технологиясы.
CDMA (Code division multiple access) телекоммуникация стандартына байланысты
желілердің қолданысын қамтамасыз ететін EV-DO (Evolution Data Optimized) технологиясы.
LTE (ұзақ мерзімді эволюция) байланысы LTE технологиясын қолдайтын желілермен
жалғайды.
Мобильді байланыстың кең жолақты қызметін іске қосу үшін, HP мобильді байланыстың кең
жолақты желі модулінің сериялық нөмірі керек болуы мүмкін. Сериялық нөмірі компьютердің
батарея ұясындағы жапсырмада берілген.
Кейбір мобильді желі операторлары SIM картасын пайдалануды талап етеді. SIM картасында
жеке идентификациялық нөмір (PIN), сондай-ақ желі туралы ақпарат сияқты жалпы ақпарат
қамтылады. Кейбір компьютерлердің батарея ұясында SIM алдын ала орнатылады. Егер SIM
картасы алдын ала орнатылмаған болса, ол компьютермен бірге берілетін HP мобильді кең
жолақты байланысы ақпаратының ішінде берілуі немесе мобильді желі операторы оны
компьютерден бөлек беруі мүмкін.
SIM картасын салу және шығару туралы ақпаратты алу үшін, осы тараудың SIM картасын салу
және алу (тек таңдаулы үлгілерде) (28-бет) бөлімін қараңыз.
НР мобильді кең жолақты модулі туралы және таңдаулы мобильді желілер операторы арқылы
қызметті іске қосу әдісі туралы мәліметтер алу үшін, компьютерге енгізілген НР мобильді кең
жолақты модулі туралы ақпаратты қараңыз.
HP Мобильді байланысын қолдану (тек таңдаулы үлгілерде)
HP Мобильді байланысы - компьютерге арзан, қауіпсіз, қарапайым және оңтайлы кең жолақты
байланыс ұсынатын қызмет. HP Мобильді байланысты пайдалану үшін SIM картасы және HP
Мобильді байланыс қолданбасы қажет. HP Мобильді байланысы туралы қосымша ақпарат алу
үшін мына мекенжайға өтіңіз: http://www.hp.com/go/mobileconnect.
SIM картасын салу және алу (тек таңдаулы үлгілерде)
ЕСКЕРТУ: Қосқыштарға зақым келтіруді болдырмау үшін SIM картасын орналастыру кезінде
қатты күш салмаңыз.
SIM картасын салу үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз:
1. Компьютерді Жұмысты аяқтау пәрмені арқылы өшіріңіз.
2. Дисплейді жабыңыз.
28
3-тарау Желіге қосылу KKWW