User Guide - Windows 8.1

3. Компьютерге жалғанған сыртқы құрылғылардың барлығын ажыратыңыз.
4. Қуат сымын айнымалы ток көзінен ажыратыңыз.
5. Компьютерді төңкеріп, батарея ұясы өзіңізге қараған күйде тегіс бетке қойыңыз.
6. Батареяны алыңыз.
7. SIM картасын SIM ұясына салып, ол өз орнында тығыз түскенше SIM картасын оның
ұясына жайлап басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютердің SIM картасы осы бөлімдегі суреттегіден сәл өзгешелеу болуы
мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: SIM картасының компьютерге салынатын бағытын анықтау үшін, батарея
орнындағы суретті қараңыз.
8. Батареяны орнына салыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер батарея орнына салынбаса, HP Mobile Broadband модулі өшеді.
9. Сыртқы қуатты қайтадан қосыңыз.
10. Сыртқы құрылғыларды қайтадан қосыңыз.
11. Компьютерді қосыңыз.
SIM картасын шығарып алу үшін картаны басып, оны ұясынан шығарып алыңыз.
GPS пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
Компьютерде GPS (Ғаламдық орынды анықтау жүйесі) құрылғысы орнатылуы мүмкін. GPS
спутниктері орналасу, жылдамдық және бағдарлар туралы ақпаратты GPS стандартымен
жабдықталған жүйелерге жібереді.
Қосымша ақпарат алу үшін, «HP GPS and Location» бағдарламалық құралының анықтамасын
қараңыз.
KKWW Сымсыз желіге қосылу
29