User Guide - Windows 8.1
Меңзегіш құрылғыларды пайдалану
ЕСКЕРТПЕ: Компьютермен бірге жеткізілетін меңзегіш құрылғылармен қоса, сыртқы USB
тінтуірін (бөлек сатылады) оны компьютердегі USB порттарының біреуіне жалғау арқылы
пайдалануға болады.
Меңзегіш құрылғылар параметрлерін орнату
Түймешік конфигурациясы, басу жылдамдығы және меңзер параметрлері сияқты меңзегіш
құрылғыларына арналған параметрлерді реттеу үшін
, Windows жүйесіндегі тінтуір
параметрлерін қолданыңыз. Сенсорлы тақта қимылдарының мысалдарын көруіңізге болады.
Тінтуір сипаттарына өту үшін:
●
Бастау экранында мышь (тінтуір) деп теріп, Настройки (Параметрлер) және Мышь (Тінтуір)
пәрмендерін таңдаңыз.
Меңзеу таяқшасын қолдану
Меңзеу таяқшасын меңзер экранда жылжитын бағытта еңкейтіңіз. Тінтуірдегі оң және сол жақ
түймешіктерді пайдаланатындай, меңзеу таяқшасының оң және сол жақ түймешіктерін
пайдаланыңыз.
Сенсорлы тақтаны және қимылдарды пайдалану
Сенсорлы тақта қарапайым саусақ қозғалыстарымен компьютер экранында оңай жылжуға
мүмкіндік береді.
КЕҢЕС: Сенсорлы тақтаның сол және оң жақ түймешіктері сыртқы тінтуірдің сәйкес
түймешіктері сияқты пайдаланылады.
ЕСКЕРТПЕ: Сенсорлы тақта қимылдарына бағдарламалардың барлығында қолдау көрсетіле
бермейді.
34
4-тарау Пернетақта, сенсорлы тақтаның қимылдары және меңзегіш құрылғылар арқылы
шарлау
KKWW