User Guide - Windows 8.1

Пернелер тіркесімі Сипаттама
fn+f3
Ұйқылық күйді қосады, бұл ақпаратыңызды жүйелік жадқа сақтайды. Дисплей және жүйенің
басқа бөліктері өшеді, ал қуат қосулы қалады.
Ұйқылық күйден шығу үшін, қуат түймешігін басып қалыңыз.
ЕСКЕРТУ: Ақпаратты жоғалтпау үшін, ұйқылық күйді қоспас бұрын жұмысты сақтаңыз.
fn+f4
Жүйеге қосылған дисплейлердің арасында экран кескінін ауыстырып көрсетеді. Мысалы,
компьютерге монитор қосылған болса, fn+f4 пернелер тіркесімін қайта-қайта басу экрандық
суретті компьютер және монитордың екеуінде де бірдей көрсетілу үшін компьютер
дисплейінен монитор дисплейіне ауыстырады.
Сыртқы мониторлардың басым бөлігі компьютерден бейне ақпаратын сыртқы VGA бейне
стандарты арқылы қабылдайды. fn+f4 жылдам пернелері компьютерден бейне ақпарат алатын
басқа құрылғылардағы бейнелерді де ауыстырып қосуы мүмкін.
fn + f6 Үндеткіш дыбысын төмендетеді.
fn+f7
Үндеткіш дыбысын жоғарылатады.
fn+f8
Микрофонды үнсіздендіреді.
fn+f9
Экран жарықтығының деңгейін төмендетеді.
fn+f10
Экран жарықтығының деңгейін ұлғайтады.
fn+f11
Таңдаулы үлгілерде пернетақтаның артқы жарығын қосады және өшіреді.
ЕСКЕРТПЕ: Пернетақтаның артқы жарығы зауытта іске қосылады. Батарея қызмет мерзімін
арттыру үшін пернетақта жарықтандырғышын өшіріңіз.
Пернетақталарды пайдалану
Компьютерде енгізілген сандық пернетақта болады, сондай-ақ компьютермен қосымша сыртқы
сан пернетақтасын немесе сан пернетақтасы бар қосымша сыртқы пернетақтаны да қолдануға
болады.
KKWW Пернетақтаны пайдалану
41