User Guide - Windows 8.1
хабтың болуына қарай, байланысты бірнеше жолмен орнатуға болады. Компьютерге
орнатылған аппараттық құралдарды көру Құрылғы Менеджері бөлімін қараңыз.
1. Бастау экранынан панель управления (басқару тақтасы) сөзін теріп, одан кейін Панель
управления (Басқару тақтасы) пәрменін таңдаңыз.
2. Система и безопасность (Жүйе және қауіпсіздік) пәрменін, Система (Жүйе) пәрменін
таңдаңыз, одан кейін сол жақ бағанда Диспетчер устройств (Құрылғылар басқарушысы)
тармағын нұқыңыз.
Дисплейлерді компьютерлерге AMD графикалық картасы (қосымша хабы бар)
арқылы қосу
ЕСКЕРТПЕ: AMD графикалық котроллері арқылы 3 сыртқы дисплей құрылғысын қосуға
болады.
Бірнеше дисплейді орнату үшін мына қадамдарды орындаңыз:
1. DP-to-DP кабелімен (бөлек сатып алынады) сыртқы хабты (бөлек сатып алынады)
компьютердегі DisplayPort қосыңыз. Концентратордың қуат адаптері айнымалы ток қуатына
қосылғанына көз жеткізіңіз.
2. Сыртқы дисплей құрылғыларын хабтағы VGA порттарына немесе DisplayPorts жалғаңыз.
3. Бірнеше дисплейді орнату туралы қосымша ақпаратты алу үшін Бастау экранындағы іздеу
жолағына screen resolution сөзін теріп жазыңыз немесе fn+f4 тіркесімін басыңыз.
ҚОСылған дисплейлердің бірін көрмесеңіз, әр құрылғының концентратордағы тиісті портқа
қосылғанын тексеріңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Бірнеше дисплей нұсқалары барлық қосылған дисплейлердегі компьютер
экраны айнасын беретін Қайталанатын немесе компьютер экранын барлық қосылған
дисплейлерге жаятын Кеңейту мәндерін қамтиды.
Дисплейлерді Intel graphics (қосымша хабты) арқылы қосу
ЕСКЕРТПЕ: Intel сызбалық реттегішімен 3 дейін сыртқы дисплей құрылғысын қосуға болады.
Бірнеше дисплейді орнату үшін мына қадамдарды орындаңыз:
1. DP-to-DP кабелімен (бөлек сатып алынады) сыртқы хабты (бөлек сатып алынады)
компьютердегі DisplayPort қосыңыз. Концентратордың қуат адаптері айнымалы ток қуатына
қосылғанына көз жеткізіңіз.
2. Сыртқы дисплей құрылғыларын хабтағы VGA немесе DisplayPorts порттарына жалғаңыз.
3. Windows монитордың DP желі торабына қосылғанын анықтағанда, DisplayPort Topology
Хабарландыру тілқатысу терезесі көрсетіледі. Дисплей параметрлерін реттеу үшін
қажетті опцияларын басыңыз. Бірнеше дисплей нұсқалары барлық қосылған
дисплейлердегі экран кескінін кеңейтетін
Duplicate (Қайталау) немесе компьютер экранын
барлық қосылған дисплейлерге жаятын Extend (Кеңейту) мәндерін қамтиды.
ЕСКЕРТПЕ: Тілқатысу терезесі пайда болмаса, әрбір сыртқы құрылғының хабтағы дұрыс
портқа жалғанғанын тексеріңіз. Толығырақ ақпарат алу үшін бастау экранына screen
resolution (экран ажыратымдылығы) сөзін жазыңыз немесе fn+f4 пернелер тіркесімін
басыңыз, одан кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
52
5-тарау Мультимедиа KKWW