User Guide - Windows 8.1

Хабарландыру аймағындағы қуат көрсеткішінің белгішесі төмен немесе өте төмен заряд
деңгейі туралы хабарландыру береді.
ЕСКЕРТПЕ: Қуат көрсеткіші туралы қосымша ақпарат алу үшін, Қуат көрсеткішін және
қуат параметрлерін қолдану (58-бет) бөлімін қараңыз.
Егер компьютер қосулы немесе ұйқылық күйде болса, компьютерде ұйқылық күй қысқа уақытқа
қосылады да
, компьютер өшіріледі. Барлық сақталмаған ақпарат жоғалады.
Төмен батарея деңгейі мәселесін шешу
Сыртқы қуат қолданылғанда төмен батарея деңгейін шешу
Мына құрылғылардың біреуін жалғаңыз:
Айнымалы ток адаптері
Қосымша жалғау немесе кеңейту құрылғысы
НР компаниясынан қосалқы құрал ретінде сатып алынатын қосымша қуат адаптері
Ешқандай қуат көзі болмағанда төмен батарея деңгейін шешу
Ешқандай қуат көзі болмаған кезде, батареядағы зарядтың деңгейі төмен болса, жұмысты
сақтаңыз да, компьютерді өшіріңіз.
Батареяны салу және шығарып алу
Батареяны салу
Батареяны салу үшін
1. Компьютерді төңкеріп, батарея ұясы өзіңізге қараған күйде тегіс бетке қойыңыз.
2. Қызмет көрсету үшін ашатын есікті алу. Қызмет көрсету үшін ашатын есікті алу немесе
қайта қою (74-бет) бөлімін қараңыз.
KKWW Қуат параметрлерін орнату
61