User Guide - Windows 8.1
ЕСКЕРТПЕ: Сақталған батареяны әрбір 6 ай сайын тексеру қажет. Егер сыйымдылығы 50
пайыздан төмен болса, қайта сақтаудан бұрын батареяны қайта зарядтаңыз.
Батарея бір немесе бірнеше ай сақталған болса, оны пайдаланбастан бұрын, тексеріңіз.
Пайдаланушы ауыстыратын батареяны қоқысқа тастау (тек таңдаулы үлгілерде)
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Өрт шығу немесе күйік алу қаупін азайту үшін батареяны бөлшектемеңіз,
бұзбаңыз немесе теспеңіз; сыртқы түйіспелерді қысқа тұйықтамаңыз; отқа немесе суға
тастамаңыз.
Батареяны дұрыс тастау туралы ақпаратты Заңдық
,
қауіпсіздік және қоршаған орта
ескертулері
бөлімінен қараңыз. Осы нұсқаулықты ашу үшін, Пуск (Бастау) экранына поддержка
(қолдау) сөзін теріп, HP Support Assistant (HP қолдау көмекшісі) бағдарламасын таңдаңыз.
Батарея туралы ақпаратты көру үшін бастау экранында HP Support Assistant (НР қолдау
көмекшісі) бағдарламасын басыңыз және Аккумулятор и производительность (Батарея және
өнімділік) пәрменін таңдаңыз.
Пайдаланушы ауыстыратын батареяны ауыстыру (тек таңдаулы үлгілерде)
Ішкі бөлім дұрыс зарядталмаған кезде немесе батарея сыйымдылығы «әлсіз» жағдайға
жеткенде, батареяны тексеру құралы батареяны ауыстыру қажеттігін ескертеді. Батарея HP
компаниясының кепілдігімен қамтамасыз етілген жағдайда, нұсқаулардың ішінде кепілдік
нөмірі болады. Ауыстыру батареясына тапсырыс беру туралы қосымша ақпарат беретін HP
компаниясының веб-торабына сілтейтін хабарлама пайда болады.
64
6-тарау Қуатты басқару KKWW