User Guide - Windows 8.1
1. Мәліметтеріңізді сақтап, жад картасымен байланысты барлық бағдарламаларды жабыңыз.
2. Windows жұмыс үстелінің хабарландыру аймағындағы тапсырмалар тақтасының оң жақ
шетінде орналасқан жабдықты шығару белгішесін басыңыз. Одан кейін экрандағы
нұсқауларды орындаңыз.
3. Сандық картаны ұясынан шығарыңыз.
Смарт карталарды қолдану
ЕСКЕРТПЕ: Смарт
-
карта термині осы тарауда смарт-карталар мен Java™ карталарының екі
түрін білдіреді.
Смарт карта — жад пен микропроцессоры бар шағын схемалы несие картасы өлшеміндегі
қосалқы құрал. Дербес компьютерлер сияқты смарт карталардың кірісті және шығысты
басқаратын амалдық жүйелері, сондай-ақ оларды рұқсатсыз пайдаланудан қорғайтын
қауіпсіздік мүмкіндіктері бар
. Өндірісте қолданылатын смарт карталар оқу құралдарымен (тек
таңдаулы үлгілерде) бірге пайдаланылады.
PIN коды микрочип мазмұнына кіру рұқсатын алуға керек. Смарт карталардың қауіпсіздік
мүмкіндіктері туралы қосымша ақпаратты HP Support Assistant бағдарламасынан қараңыз. HP
Support Assistant бағдарламасына қол жеткізу үшін, бастау экранында HP Support Assistant
белгішесін таңдаңыз.
Смарт картаны енгізу
1. Жапсырмасы бар карта жағын жоғары қаратып, карта нық отырғанша оны смарт карта оқу
құралына жайлап салыңыз.
68
7-тарау Сыртқы карталар және құрылғылар KKWW