User Guide - Windows 8.1

2. Компьютерге смарт картаның PIN коды арқылы кіру жөніндегі экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
Смарт картаны шығарып алу
Смарт картаның шеттерінен ұстап, оны смарт карта оқу құралынан сыртқа шығарыңыз.
USB құрылғысын пайдалану
Әмбебап сериалды шина (USB) USB пернетақтасы, тінтуір, драйвер, принтер, сканер немесе
концентратор сияқты қосымша сыртқы құрылғыны қосуға қолданылатын жабдықтың интерфейсі
болып табылады.
Кейбір USB құрылғылары әдетте құрылғымен қоса берілетін қосымша қолдау бағдарламалық
құралын қажет етуі мүмкін. Құрылғыға арналған бағдарламалық құрал туралы қосымша
ақпаратты өндірушінің нұсқауларынан қараңыз. Бағдарламалық құралмен қамтамасыз етілген
бұл нұсқаулар дискіде немесе өндірушінің веб
-торабында болуы мүмкін.
Компьютерде USB 1.0, 1.1, 2.0 немесе 3.0 құрылғыларымен жұмыс істейтін кем дегенде 1 USB
порты бар. Сонымен қатар, сыртқы құрылғыға қуат беретін USB зарядтау порты
компьютеріңізде болуы мүмкін. Қосымша USB қондыру құрылғысы немесе USB концентраторы
компьютермен пайдалануға болатын қосымша USB порттарымен қамтамасыз етеді.
KKWW USB құрылғысын пайдалану
69