User Guide - Windows 8.1

3. Қатты дискінің бұрандаларын (3) бекітіңіз.
4. Батареяны салыңыз (Батареяны салу (61-бет) қараңыз).
5. Қызмет көрсетуге арналған есікті орнына салыңыз (Қызмет көрсету үшін ашатын есікті
орнына салу (75-бет) бөлімін қараңыз).
6. Компьютерге жалғанған айнымалы ток пен сыртқы құрылғыларды жалғаңыз.
7. Компьютерді қосыңыз.
Қатты дискінің жұмысын жақсарту
Дискіні дефрагментациялау құралын пайдалану
Компьютерді пайдаланғанда, қатты дискідегі файлдар бөлініп қалады. Амалдық жүйе тиімді
жұмыс істеуі үшін, дискіні дефрагментациялау құралы қатты дискідегі бөлініп қалған файлдар
мен қалталарды қайта біріктіреді
.
ЕСКЕРТПЕ: Дискіні дефрагментациялау құралын жартылай өткізгіш диск жетектерінде істету
қажет емес.
Дискіні дефрагментациялау құралы басталғаннан кейін, ол қараусыз жұмыс атқарады. Қатты
дискінің өлшеміне және бөлініп қалған файлдар санына байланысты, дискіні
дефрагментациялау құралының аяқталуы үшін бір сағаттан артық уақыт кетуі мүмкін. Оны
түнде немесе компьютерді ашу қажет болмайтын кездегі басқа уақытта іске қосылатын етіп
орнатуыңызға болады.
HP қатты дискіні кем дегенде айына бір рет дефрагментациялауды ұсынады. Дискіні
дефрагментациялау құралының жұмысын айлық жоспарға орнатсаңыз болады, бірақ
дефрагментациялауды кез келген уақытта қолмен жасауға да болады.
Дискіні дефрагментациялау құралын іске қосу:
78
8-тарау Дискілер KKWW