User Guide - Windows 8.1
Компьютер қаупі Қауіпсіздік мүмкіндігі
Компьютердің орнын рұқсатсыз ауыстыру Қауіпсіздік кабелінің ұясы (қосымша қауіпсіздік
кабелімен бірге қолданылады)
*Computer Setup дегеніміз алдын ала орнатылған, ROM жадына негізделген утилита,ол амалдық жүйе жұмыс істемей
тұрғанда немесе жүктелмегенде де қолданылады. Computer Setup утилитасында жылжу және таңдауды жасау үшін,
(сенсорлы тақта, меңзегіш таяқша не USB тінтуірі сияқты) меңзегіш құрылғыны немесе пернетақтаны пайдаланыңыз.
Құпия сөздерді пайдалану
Құпия сөз — компьютер ақпаратын қорғау үшін таңдалатын таңбалардың тобы. Ақпаратқа кіруді
басқарудың жолына байланысты құпия сөздердің бірнеше түрлері орнатылуы мүмкін. Құпия
сөздер Windows жүйесінің немесе компьютерде алдын ала орнатылған Windows жүйесінен
басқа жүйелердің Computer Setup утилитасында (BIOS) орнатылады.
●
BIOS әкімшісінің құпия сөзі және DriveLock құпия сөзі Computer Setup утилитасында
орнатылады
. Олар жүйенің BIOS бағдарламасы арқылы басқарылады.
●
Автоматты DriveLock құпия сөздері Computer Setup утилитасында қосылады.
●
Windows құпия сөздері Windows амалдық жүйесінде ғана орнатылады.
●
Егер HP SpareKey бұрын орнатылған болса және Computer Setup құралындағы BIOS
әкімшісінің құпия сөзін ұмытып қалсаңыз, құралға HP SpareKey арқылы кіруіңізге болады.
●
Егер DriveLock қолданушы құпия сөзі мен Computer Setup құралының DriveLock негізгі
құпия сөзінің екеуін де ұмытып қалсаңыз
, осы құпия сөздермен қорғалған қатты диск
мүлдем жабылып қалады және оларды қолдану ары қарай мүмкін болмайды.
Бірдей құпия сөзді Computer Setup утилитасының мүмкіндігі үшін және Windows қауіпсіздік
мүмкіндігі үшін пайдалануға болады. Бірдей құпия сөзді Computer Setup утилитасының бірнеше
мүмкіндігі үшін пайдалануға болады.
Құпия сөздерді жасау және сақтау үшін төмендегі кеңестерді ісіңізде сақтаңыз:
●
Құпия сөздерді жасаған кезде, бағдарлама арқылы орнатылған талаптарды орындаңыз.
●
Бір құпиясөзді бірнеше қолданбалар мен веб-сайттар үшін қолданбаңыз және Windows
құпиясөзіңізді басқа қолданбалар мен веб-сайттар үшін қолданбаңыз.
●
HP Client Security бағдарламасының Password Manager (Құпия сөздер реттегіші) құралын
веб-тораптарыңыз бен бағдарламаларыңыздың барлығы үшін пайдаланушы аттары мен
құпия сөздерін сақтау мақсатымен пайдаланыңыз. Егер ұмытып қалсаңыз, келешекте
оларды қауіпсіз оқуыңызға болады
.
●
Құпия сөздерді компьютердегі файлда сақтамаңыз.
Келесі кестелерде әдетте қолданылатын Windows және BIOS әкімшісінің құпия сөздерінің тізімі
берілген және олардың функциялары сипатталған.
82
9-тарау Қауіпсіздік KKWW