User Guide - Windows 8.1

Windows жүйесінде құпия сөздерді орнату
Құпия сөз Қызмет
Әкімші құпия сөзі* Windows әкімші есептік жазбасына кіруді қорғайды.
ЕСКЕРТПЕ: Windows әкімші құпиясөзін тағайындау BIOS
әкімші құпиясөзін тағайындамайды.
Пайдаланушы құпия сөзі* Windows пайдаланушы есептік жазбасына кіруді
қорғайды.
*Windows әкімші құпия сөзі немесе Бастау экранында Windows пайдаланушы құпия сөзі параметрлерін орнату туралы
ақпаратты алу үшін, HP Support Assistant бөлімін қараңыз. Бастау экранынан HP Support Assistant бағдарламасына
қол жеткізу үшін, HP Support Assistant белгішесін таңдаңыз.
Computer Setup құралында құпия сөздерді орнату
Құпия сөз Қызмет
BIOS әкімші құпия сөзі* Computer Setup құралына кіруді қорғайды.
ЕСКЕРТПЕ: BIOS әкімші құпия сөзін жою мақсатымен
мүмкіндіктер қосылған болса, олар өшірілгенше құпия
сөзді жоюға болмауы мүмкін.
DriveLock басты құпия сөзі* DriveLock арқылы қорғалатын ішкі қатты дискіге кіруді
қорғайды. Сонымен қатар, ол DriveLock қорғанысын алуға
қолданылады. Бұл құпия сөз DriveLock құпия сөздерін
іске қосу кезінде орнатылады.
ЕСКЕРТПЕ: DriveLock құпия сөзін орнатпас бұрын BIOS
әкімші құпия сөзін орнату қажет.
DriveLock пайдаланушы құпия сөзі* DriveLock арқылы қорғалатын ішкі қатты дискіге кіруді
қорғайды және бұл құпия сөз DriveLock құпия сөздерін
іске қосу кезінде орнатылады.
ЕСКЕРТПЕ: DriveLock құпия сөзін орнатпас бұрын BIOS
әкімші құпия сөзін орнату қажет.
*Осы құпия сөздердің әрбірі туралы толық ақпаратты келесі бөлімдерден қараңыз.
BIOS әкімші құпия сөзін басқару
Осы құпия сөзді орнату, өзгерту немесе жою үшін төменде берілген қадамдарды орындаңыз:
Жаңа BIOS әкімші құпия сөзін орнату
1. Компьютерді қосыңыз немесе өшіріп, қайта іске қосыңыз және экранның төменгі жағында
«Press the ESC key for Startup Menu» (Бастау мәзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз)
хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз.
2. Computer Setup утилитасына кіру үшін f10 пернесін басыңыз.
3. Меңзегіш құрылғының немесе көрсеткі пернелердің көмегімен Security (Қауіпсіздік) >
Setup BIOS Administrator Рassword (BIOS әкімші құпия сөзін орнату) тармақтарын таңдаңыз,
содан кейін enter пернесін басыңыз.
KKWW Құпия сөздерді пайдалану
83