User Guide - Windows 8.1

BIOS әкімші құпия сөзін енгізу
BIOS әкімші құпия сөзін енгізу сұралған кезде, құпия сөзіңізді (құпия сөзді орнатқанда
басылған бірдей пернелерді пайдалану арқылы
) теріңіз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
BIOS әкімші құпия сөзін енгізудің 3 сәтсіз әрекетінен кейін компьютерді қайта іске қосып,
әрекетті қайта орындау қажет.
Computer Setup құралының DriveLock құпия сөзін басқару
ЕСКЕРТУ: DriveLock арқылы қорғалған қатты дискінің қолдануға мүлдем жарамсыз болып
қалуын болдырмау үшін, DriveLock пайдаланушы құпия сөзі мен DriveLock негізгі құпия сөзін
компьютерден қашық сенімді бір жерге сақтап қойыңыз. Егер DriveLock құпия сөздерінің екеуін
де ұмытып қалсаңыз, қатты диск мүлдем жабылып қалады және оны қолдану мүмкін болмайды.
DriveLock - қатты дискі мазмұндарына рұқсатсыз енуден қорғауға арналған. DriveLock
компьютердің ішкі қатты дискі(лері)не қолдануға ғана жарамды. DriveLock дискіні қорғауға
қолданылса, дискіге кіру үшін құпия сөзді енгізу қажет болады. DriveLock құпия сөздері арқылы
кіру үшін диск компьютерге немесе жетілдірілген порт репликаторына енгізілуі қажет.
ЕСКЕРТПЕ: DriveLock мүмкіндіктерін пайдалануға кіріспес бұрын, BIOS әкімші құпия сөзі
сізде болуы тиіс.
DriveLock құлпын ішкі қатты дискіге қолдану үшін пайдаланушы құпия сөзін және негізгі құпия
сөзін
Computer Setup құралында тағайындау қажет. DriveLock құлпын қолдану үшін, келесі
нәрселерді ескеру қажет:
Қатты диск DriveLock құралы арқылы қорғалған соң, қатты дискіге тек қана пайдаланушы
құпия сөзі немесе негізгі құпия сөз арқылы ғана кіру мүмкін болады.
Пайдаланушы құпия сөзінің иесі қорғалған қатты дискінің күделікті қолданушысы болады.
Негізгі құпия сөз иесі жүйе әкімшісі немесе күнделікті қолданушы болуы мүмкін.
Пайланушы құпия сөзі және негізгі құпия сөз бірдей болуы мүмкін.
Пайдаланушы құпия сөзі мен негізгі құпия сөзді жою үшін, DriveLock құлпын қатты
дискіден алу қажет болады. DriveLock құлпын қатты дискіден алу үшін негізгі құпия сөзі
ғана қажет болады.
86
9-тарау Қауіпсіздік KKWW