User Guide - Windows 8.1
BIOS нұсқасын анықтау
Қолданыстағы BIOS жаңартуларының компьютерде қазір орнатылғандарынан кейінірек BIOS
нұсқаларын қамтитынын анықтау үшін, қазір орнатылған BIOS жүйесінің нұсқасын білу қажет.
BIOS нұсқасының ақпаратын (Дата ROM (ROM күні) және Система BIOS) (BIOS жүйесі) деп те аталады)
fn+esc пернелерін басу (Windows жүйесінде болған жағдайда) немесе Computer Setup утилитасын ашу
арқылы көрсетуге болады.
1. Computer Setup (Компьютерді орнату) утилитасын бастаңыз.
2. Меңзегіш құрал немесе көрсеткі пернелердің
көмегімен Main (Негізгі) > System Information (Жүйе
ақпараты) тармақтарын таңдаңыз.
3. Өзгертулерді сақтамай, Computer Setup утилитасынан шығу үшін, экранның төменгі оң жақ
бұрышында орналасқан Exit (Шығу) белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
– немесе –
tab пернесінің және көрсеткі пернелердің көмегімен Main (Негізгі) > Ignore Changes and Exit
(Өзгертулерді елемеу және шығу) пәрменін таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
BIOS жаңартуын жүктеп алу
ЕСКЕРТУ: Компьютерге зақым келтірмеу немесе сәтсіз орнатуды болдырмау үшін BIOS жаңарту
файлын компьютер айнымалы ток адаптері арқылы сенімді сыртқы қуат көзіне қосылған кезде ғана
жүктеп алыңыз және орнатыңыз. Компьютер батарея қуатымен жұмыс істеп тұрғанда, қосымша
жалғау құрылғысына жалғанғанда немесе қосымша қуат көзіне қосулы болғанда, BIOS жаңартуын
жүктеп алмаңыз немесе орнатпаңыз. Жүктеп алу және орнату барысында
мына нұсқауларды
орындаңыз:
Компьютерді айнымалы ток көзінен ажыратқан кезде қуат сымын тартпаңыз.
Компьютердің жұмысын аяқтамаңыз немесе компьютерде ұйқылық күйді қоспаңыз.
Құрылғылар, кабельдер немесе шнурды жалғамаңыз, ажыратпаңыз немесе қоспаңыз.
1. Бастау экранында поддержка (қолдау) сөзін теріп, HP Support Assistant қолданбасын таңдаңыз.
2. Updates and tune-ups (Жаңартулар мен реттеулер) пәрменінен кейін Check for HP updates now (НР
жаңартулары бар екенін тексеру) пәрменін таңдаңыз.
3. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
4. Жүктеу аймағында мына қадамдарды орындаңыз:
а. Ең соңғы BIOS жаңартуын анықтап, оны қазір компьютерде орнатылған BIOS нұсқасымен
салыстырыңыз. Басқа кодтың күні, атауы немесе қосымша ақпаратын жазып алыңыз
. Бұл
ақпарат жаңарту файлы қатты дискіге жүктелгеннен кейін оны табу үшін қажет болуы
мүмкін.
ә. Таңдауыңызды қатты дискіге жүктеп алу үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Егер жаңарту сіздегі BIOS нұсқасынан жаңа болса, қатты дискідегі BIOS жаңартуы жүктеп
алынатын орынға апаратын жолды жазып алыңыз. Сіз жаңартуды орнатуға дайын
болғаныңызда бұл жол бойынша файлды табасыз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер компьютер желіге қосылған болса, бағдарламалардың жаңартуларын, әсіресе
жүйенің BIOS жаңартуларын орнатпас бұрын желілік әкімшімен байланысыңыз.
72 12-тарау Computer Setup (BIOS), MultiBoot және HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) KKWW










