User Guide - Windows 10
Жоғарғы жағы
Бөлік Сипаттама
(1)
Аудио-шығыс (құлаққап) ұясы/Aудио-кіріс
(микрофон) ұясы
Қосымша токқа қосылатын стерео динамиктерге,
құлақаспаптарға, тығын тәріздес құлақаспаптарға,
гарнитураға немесе теледидардың дыбыс ұясына қосылған
кезде дыбыс шығарады. Сонымен қатар, қосымша
гарнитура микрофонын қосады.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін,
құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспап немесе
гарнитураны киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз.
Қауіпсіздік туралы қосымша ақпарат
алу үшін, Заңдық,
қауіпсіздік және экологиялық ескертпелер нұсқаулығын
қараңыз. HP Support Assistant бөліміне кіру үшін
тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында поддержка
(қолдау) сөзін теріңіз, HP Support Assistant қолданбасын,
Мой ПК (Компьютерім) белгішесін, Спецификации
(Сипаттамалар) қойындысын түртіп, Руководства
пользователя (Пайдаланушы нұсқаулықтары) опциясын
таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Құрылғы ұяға қосылған кезде, планшет
үндеткіштері ажыратылады.
ЕСКЕРТПЕ: Құрылғы кабелінің аудио шығыс (құлақаспап)
және аудио кіріс
(микрофон) ұяларының екеуіне сәйкес
келетін 4 сымды қосқышы бар екеніне көз жеткізіңіз.
(2)
Авто-айналдыруды ауыстырып қосу Планшет қосылып тұрғанда дисплейдің авто-айналдыру
функциясын бекіту үшін, авто-айналдыру ауыстырып
қосқышын сырғытыңыз. Авто-айналдыру функциясын қосу
үшін, ауыстырып қосқышты қайта сырғытыңыз.
(3)
Кірістірілген микрофондар (2) Дыбыс жазады.
(4)
Қуат түймешігі
●
Планшет өшірулі болғанда, қосу үшін түймешікті
басыңыз.
●
Планшет қосулы болғанда, ұйқы күйін қосу үшін
түймешікті басып қалыңыз.
●
Планшет ұйқы күйінде болғанда, ұйқы күйінен шығару
үшін түймешікті тез басып қалыңыз.
ЕСКЕРТУ: Қуат түймешігін басып тұрғанда сақталмаған
ақпараттар жойылады.
Планшет жауап қатпаса және Windows
®
жүйесінің өшіру
процедуралары көмектеспесе, планшетті өшіру үшін қуат
түймешігін кем дегенде 5 секунд басып тұрыңыз.
Қуат параметрлері туралы ақпаратты қуат опцияларынан
қараңыз.
Жоғарғы жағы 7










