User Guide - Windows 8.1

Планшеттің авто-айналуды құлыптау функциясын қолдану
Планшеттің авто-айналуды құлыптау функциясын қосу үшін:
Планшеттің жоғарғы шетіндегі авто-айналуды ауыстырып қосу түймесін сырғытыңыз.
немесе
1. Сенсорлы экранның оң жақ жиегін сипап шебер түймелерді шығарыңыз да, Параметры
(Параметрлер) белгішесін түртіңіз.
2. Планшеттің ағымдағы экранын тұрған жерінде құлыптау жəне оның айналуын болдырмау
үшін экрандағы белгішені түртіңіз. Авто-айналу құлпы қосулы
кезде құлып белгішесі
көрсетіледі.
Планшеттің авто-айналдыруды құлыптау функциясын өшіру үшін:
Планшеттің жоғарғы шетіндегі авто айналдыруды ауыстырып қосу түймесін қайта
сырғытыңыз.
немесе
1. Сенсорлы экранның оң жақ жиегін сипап шебер түймелерді шығарыңыз да, Параметры
(Параметрлер) белгішесін түртіңіз.
2. Төменгі оң жағындағы Экран таңбасын түртіңіз, одан кейін авто-айналу құлпының
белгішесін қайта түртіңіз.
Планшеттің экран жарықтығын реттеу
Экран жарықтығын реттеу үшін:
1. Сенсорлы экранның оң жақ жиегін сипап шебер түймелерді шығарыңыз да, Параметры
(Параметрлер) белгішесін түртіңіз.
2. Экранның төменгі оң жағында орналасқан Экран белгішесін түртіңіз. Экран жарықтығын
басқаратын тік сырғытпа көрсетіледі.
ЕСКЕРІМ: Сондай-ақ, Windows жұмыс үстелінде, тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде
орналасқан хабарландыру аймағындағы Счетчик питания (Қуат көрсеткіші) белгішесін түртіп,
Регулировать яркость экрана (Экран жарықтығын реттеу) пəрменін таңдауға жəне экранның
төменгі жағындағы Яркость экрана (Экран жарықтығы) параметрінің жанындағы сырғытпаны
жылжытуға болады.
Аппараттық жəне бағдарламалық құрал туралы
мəліметтерді табу
Аппараттық құралдарды табу
Планшетте қандай қатты диск орнатылғанын білу үшін:
1. Сенсорлы экранның оң жақ шетінен сиапап шебер түймелерді шығарыңыз, Поиск (іздеу)
түймешігін түртіңіз, одан кейін іздеу жолағын басыңыз.
2. Іздеу жолағына диспетчер устройств (құрылғы менеджері) сөзін жазып, Диспетчер
устройств тармағын түртіңіз.
Планшетте орнатылған барлық құрылғылардың тізімі көрсетіледі.
Аппараттық жəне бағдарламалық құрал туралы мəліметтерді табу 9