User Guide - Windows 8.1
Бағдарламалық құралдарды табу
▲ Планшетте қандай бағдарламалық құрал орнатылғанын көру үшін, бастау экраны арқылы
саусағыңызды сенсорлы экранның ортасынан жоғарғы қарай жылжытып, қолданбалар
экранын ашыңыз.
Планшетте орнатылған бағдарламалық құралды жаңарту
Көптеген бағдарламалық құралдар, соның ішінде амалдық жүйе, өндіруші немесе провайдер
тарапынан жиі жаңартылып отырады. Планшет зауыттан шығарылғаннан кейін онда
орнатылған бағдарламалық құралдардың маңызды жаңартулары пайда болуы мүмкін.
Кейбір жаңартулар планшеттің қосымша бағдарламалық құралға немесе сыртқы құрылғыларға
жауап беру жолына əсер етуі мүмкін. Жаңартулардың көбі жақсартылған қауіпсіздікті
қамтамасыз етеді.
Амалдық жүйе мен планшетте орнатылған
басқа да бағдарламалық құралдарды Интернетке
қосылған сайын жаңартып отырыңыз. Жаңартуларды
http://www.hp.com HP веб-сайтынан
қарауға болады.
10 Бап 2 Планшетпен танысу










